Он екі адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Сәуірдің 20-сына Қазақстанда он екі адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Бұл ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі сәуірдің 20-сына түскі сағат 11:40- та хабарлады.
Солтүстік Қазақстан облысында — 7, Шығыс Қазақстан облысында — 3, Ақмола облысында — 1, Маңғыстау облысы – 1 адам жазылған.
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан барлығы 413 адам сауыққан.
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 20 сәуір, таңертеңгі сағат 9-дағы мәліметі бойынша, Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 24 адам анықталған.
Қызылорда облысы — 1,Нұр-Сұлтан қаласы — 9,Алматы қаласы — 1,Шымкент қаласы — 4,Батыс Қазақстан облысы — 1,Павлодар облысы — 4,Қостанай облысы — 4.
Қазақстан бойынша COVID-19 жұқтырғандар 1735 адамға жетті. 413 адам сауығып, 19 адам қайтыс болды.