Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:30, 20 Маусым 2022

Өңірлерге бөлінген қаражаттың 59 млрд теңгесі игерілмеген

None
None

Былтыр өңірлерге 2,5 трлн теңге бөлінген. Оның 59 млрд теңгесі игерілмеген, оның 95%-дан астамы Ұлттық қордан бөлінген қаражат.

Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат депутаты Сергей Карплюк мәлімдеді. 

«Бұл тұста, аутсайдерлер – Алматы облысы (11,3 млрд. теңге), Нұр-Сұлтан (9 млрд. теңге) және Алматы (5,9 млрд.теңге) қалалары. Барлық өңірлерде игерілмеудің негізгі үлесі Жұмыспен қамту жол картасына, «Ауыл – Ел бесігі» жобасына, Өңірлерді дамыту бағдарламасына, «Нұрлы жер» бағдарламасына тиесілі. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарларын іске асыру кезіндегі проблемаларын жеке атап өткен жөн. Осылайша, 12 кешенді жоспардың іске асырылуына жасалған талдаудың қорытындысы бойынша олардың бір триллионнан астам теңгеге жеткіліксіз қаржыландырылғаны байқалды, олардың көпшілік бөлігі Қызылорда облысында – 85,5%-ға, Қарағанды облысында – 51,7%-ға және Нұр-Сұлтан қаласында – 56,4%-ға аз қаржыландырылған. Соның салдарынан жоспарланған 748 іс-шараның 122-сі орындалмаған», — дейді Сергей Карплюк.

Тегтер: