Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:02, 21 Қараша 2020

Онлайн қабылдауда өзекті мәселелер қаралды

None
None

Шымкент қаласы  әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдады.

Қабылдауда тұрғындардың басым бөлігі қоғамдық көлік, жол құрылысы, аялдама мен бағдаршам және «Төлем» жүйесіне қатысты сауалдарды жолдады.

Қабылдауға жазылған тұрғынның бірі — Алтынай есімді азаматша Н.Назарбаев даңғылы бойындағы мектеп маңына балалардың қауіпсіздігі үшін жаяу жүргіншілер жолағын белсенді жаяу жүргіншілер жолына алмастырып, қауіпсіздік деңгейін көтеруді сұрады. Қала әкімінің орынбасары тиісті басқармаға мәселені назарға алып, орындауды тапсырды.

Айта кетейік, әр аптаның сәрсенбі күні қала әкімінің орынбасары М.Исахов тұрғындармен жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізеді.

Тегтер: