Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:03, 24 Қараша 2023

Өңірлердің дамуы халықтың жағдайының жақсаруына оң әсерін тигізеді

өңірр
Фото: из открытых источников

Өңірлердің дамуы халықтың жағдайының жақсаруына оң әсерін тигізеді.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында өңірлерді дамытуға ерекше назар аударды.Тиісті тұжырымдамалар мен даму жоспарлары қабылданды.

  • Еліміздің өңірлерін сумен, жылумен қамтамасыз ету, әлеуметтік тұрғын үйлерді салу, жолдарды жөндеуге, абаттандыруға және инфрақұрылымды жақсартуға қомақты қаражат бөлінуде.
  • 2023 жылы өңірлерді дамыту үшін республикалық бюджеттен субвенция ретінде 5 трлн теңге өңірлерде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 94,6 млрд теңге бөлінді.
  • 450 елді мекенді сумен жабдықтау жобасына 270 млрд теңге қарастырылды.
  • 118 млрд теңге жылумен жабдықтауға бөлінді, 134 км жылу жүйесі жаңартылды.
  • 2023 жылдың 10 айында 13 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды.
  • Астана қаласында 3-ші жылу электр орталығын салынды.
  • Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларында үш жылу электр орталығын салуға меморандум жасалды.
  • «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы бекітілді.
  • 3075 елді мекен жылдам интернет желісімен қамтамасыз етіледі, интернет облыстық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қосылады.
  • Елімізде үш жаңа өңір құрылды: Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары. Оларды дамытуға қосымша қаражат бөлінді, жаңа нысандар салынып, өмір сүруге қажетті жағдайлар жасалуда.
  • үш шекаралас аудан: Абай облысының Мақаншы, Шығыс-Қазақстан облысының Катонқарағай және Марқакөл аудандарын қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Шекара маңындағы аумақтарды дамыту туралы Үкіметтің қаулысы бекітілді.
  • 2023 жылы жолдарды жөндеуге 407 млрд теңге бөлінді.
  • -Талдықорған-Өскемен, Қарағанды-Балқаш, Ақтөбе-Қандыағаш, Атырау-Астрахань, Мерке-Шу, Құрты-Бурылбайтал жолдарында қозғалыс ашылды.-Үшарал-Достық (180 км), ішінара Балқаш-Бурылбайтал (127 км), Қандыағаш-Мақат (359 км), Қостанай-Денисовка(19 км) жолдары пайдалануға берілді.
  • Мойынты - Достық, Дарбаза – Мақтаарал және Бақты – Аягөз темір жол желілерін салу жұмыстары жүргізілуде.
  • Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң қабылданды. Қайтарылған қаражат әлеуметтік жобаларға және инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады.


    Нұртай Сабильянов

ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты