Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:24, 14 Мамыр 2020

Оңтүстікте тағы бірнеше ауданда су тасқыны болды

13 мамырда Түркістан облысының үш ауданындақатты жауған жаңбырдың салдарынан су тасқыны болып,  тұрғын үйлерді су басты.

Осы күні кешкісін Бәйдібек ауданы Ақбастауауылдық округіне қарасты Тұрақты елді мекеніндегі жауын-шашын салдарынанТұтарық каналы 4 жерінен бұзылып, ауылды су басқан. Оқиға орнына барғанмамандар суды өзен арнасына бұрған.  Тұрғындардың дені Ақбастау ауылындағыШ.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінеэвакуацияланды. Аталған аудан әкімдігінің хабарлауынша, 2 қора құлаған,ауласына су кірген үйлердің саны нақтылануда.Сонымен бірге қырдағы сай-салалардан ағып келгенсулардың салдарынан Боралдай ауылдық округіндегі Қаратас ауылының 6 үйге,Боралдай ауылындағы Ә.Жұмаділұлы көшесіндегі 6 үйдің ауласына су кірген. Суайдағыш құрылғылар арқылы су ауладан шығарылуда. Орын алған жағдайлар бойыншакелтірілген шығындары есептелуде.

Қазығұрт ауданына қарасты елді мекендердіде су алды. Қатты  жауған жаңбырдыңсалдарынан Алтынтөбе ауыл округі Қаржан елді мекенінде 2 үй, 1 емхана, 1 дәріхана, 2 қоражайдың ауласына, Жігерген ауыл округібойынша 30 үйдің ауласына су кіргені, 4 қораның құлағаны, С.Рақымов ауыл округіҚызылата елді мекенінде 4 үй, 1 мешіттің ауласына су кіргені анықталды.С.Рақымов ауыл округіндегі Көкібел су қоймасының  толуына байланысты Көкібел елді мекеніндегі 133тұрғын  осы ауылдағы мектепкеэвакуацияланып, азық-түлікпен, медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілді.

13 мамыр күні қатты жауған нөсерліжауын-шашын салдарынан Төлеби ауданындағы  Қасқасу өзені суының деңгейі көтеріліп,арнасынан тасыды. Салдарынан 4 көпірді су алып, 8 ірі қара және уақ мал суғабатқан. Екпінді ауылында 4 уйді және 15 үй ауласын су басты.

Аталған аудан әкімдігінің таратқан мәліметібойынша сағат 22.15 -те Достық ауылын су ала бастағандықтан, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. Леңгір қаласындағы Т.Тәжібаеватындағы мектеп пен Киелі тас ауылындағы СұлтанРабат мектебінде эвакуациялық орталықтар құрылды. Сағат 21.45 шамаларындаСұлтан-Рабат ауылы Сауран көшесінде және Достық елдімекені Жылқыбаев көшесінде77 тұрғын үйдің ауласына кіргені туралы хабарлама түскен. ТұрғындарЛенгер қаласындағы N8 колледжге жайғастырылып, тиісті заттармен қамтамасызетілді.

Тасқын суШымкент қаласын да әбігерге салды. Қаладағы Маятас тұрғын алабына қауіп төнгендіктен150 адам көшірілді, 150 адам туыстарының үйіне орналасты. Бүгін қалалықәкімдік Елтайдағы қауіптің сейілгенін хабарлады.

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,

Түркістан облысы

Тегтер: