Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 17:46

Оңтүстік Қазақстанда ауыр жол апатынан алты адам қаза тапты

1
Фото: из открытых источников

Түркістан облысында ауыр жол апатынан алты адам қаза тапты. Әлеуметтік желіде Түркістан облысындағы тас жолда көп адам қаза тапқан жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Түркістан облысының полициясы 2025 жылдың 3 ақпанында «Кентау-Түркістан» тас жолының 5- шақырымында екі «Ауди» көлігі соғысып, өртеніп кеткенін хабарлады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, басқа көлікпен бетпе-бет соғысқан. Оқиға салдарынан 6 адам қаза тауып, 4 зардап шегуші түрлі дене жарақатымен аудандағы медициналық мекемеге жатқызылды", - деп хабарлады полиция.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.