Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:45, 29 Қаңтар 2025

Оңтүстік Корея әуежайында ұшақ өртеніп кетті

1
Фото: en.yna.co.kr

Жолаушылар дер кезінде эвакуацияланды, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Оңтүстік Кореяның екінші үлкен қаласы Пусан халықаралық әуежайында жолаушылар ұшағы көтерілер алдында өртеніп кетті, деп хабарлайды Yonhap агенттігі.

Өрт 28 қаңтар күні кешке Гонконгқа ұшатын Air Busan ұшағының бортында шыққан. Өрт ұшақтың құйрық бөлігінде басталып, кейін фюзеляжға тараған.

Ұшақ бортында 169 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған, олардың барлығы тез арада эвакуацияланған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі туралы ақпарат берілмеді.

Айта кетейік, 2024 жылдың желтоқсанында Бангкоктан ұшып шыққан Jeju Air Boeing ұшағы Оңтүстік Кореяның Муан әуежайына қонып жатқанда апатқа ұшырады. Лайнер бортында 181 адам: 175 жолаушы және 6 экипаж мүшесі болған. Апат кезінде екі адам ғана аман қалды.