Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:50

Оралда кәсіпкерге қысым жасаған шенеунік жауапқа тартылды

Солтүстік
Фото: ашық дереккөз

Орал қаласында прокуратураның араласуынан кейін кәсіпкерге салынған айыппұл күшін жойды.

Қадағалау органының мәліметінше, сот актілерін талдау барысында әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сот жеке кәсіпкерді санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзды деп танып, 629 120 теңге көлемінде айыппұл салғаны анықталған.

Алайда іс материалдарын зерделеу кезінде прокуратура қайшылықтарды анықтады. Бір ғана факт бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы екі түрлі шешім қабылдаған: алдымен заңбұзушылық жоқ деп таныса, кейін кәсіпкерді жауапкершілікке тартқан.

Осыған байланысты прокуратура сот шешімін жою туралы апелляциялық өтінішхат енгізген.

Облыстық соттың қаулысымен қадағалау органының уәждері қолдау тауып, сот шешімі күшін жойды, ал іс өндірісі тоқтатылды.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін кінәлі лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура өкілдері бизнестің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыс жалғасатынын атап өтті.

Тегтер: