Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:28, 23 Сәуір 2020

Орфографиялық сөздік: азап па, мазақ па?

Сөздік құрастырушылардың қазақтілінің заңдылығын, өзіндік ерекшелігін жетік түсінбегені байқалады.

Олсөзтізбедегі сөздердің берілуінен де, арнайы белгілерден де аңғарылады.Мәселен, ғойетістігі шылау ретіндебелгіленген: ғой (шыл.), айта ғой. Дұрысында, бұл – шылау  емес, көмекші етістік. Қойетістігінің құрамындағы қдыбысы дауысты дыбыстан кейін ұяңданып, ғтүрінде естілгенмен, жазылуда қойнұсқасы сақталуы керек. Мұндай ерекшелік кет,қал, көр, т.с.с. қатаң дауыссыздардан басталған көмекші етістіктерге де тән: айтып көр – айта көр, қарап көр – қарайкөр, барып қалды – бара қалды,т.с.с. Яғни қатаң дауыссыздар алдыңғы сөздіңсоңындағы дауысты не үнді дауыссыздардың ықпалымен ұяңданғанмен, жазуда олескерілмеуге тиіс.

Ережеде көретін-ді сияқты сөздің құрамындағы -ды/ді қосымшасы шылау деп берілген. Шынтуайтына келгенде, бұл ­– шылау емес,жедел өткен шақтың қосымшасы. Көретін еді, баратын еді сияқтытіркестердің құрамындағы е- көмекші етістігі қолданыста түсіп қалған дажедел өткен шақтың қосымшасы негізгі етістікке жалғанған. Сол сияқты-тұғын, -тын/-тін қосымшасы да кейдеосылайша етістікке, есімдіктерге, т.с.с. жалғанады: келген-тін, барған-тын, адам-тұғын,осы-тұғын, бар-тұғын, т.с.с. Алайда жұрнақ шылауға айналып кете алмайды.Ендеше, ережені нақтылап, кем-кетігін түзеу қажет.  

Сөздік құрастырушылар қазақ грамматикасында қалыптасқан жіктік жалғау деген атаулардың орнынаоны жақтық жалғау деп атайды, жалқы есім дегеннің орнына жалқы атау тіркестерін берген, тұйық етістік, қимыл атауы терминдерініңорнына тұйық рай деген атауды қолданған.Бұрын «тұйық рай» деп аталып келген категория Қ.Неталиеваның 1963 жылғы диссертациялықжұмысынан кейін қимыл атауы, тұйықетістік деп аталып келеді (Неталиева К. Имена действия всовременном казахском языке. — Алматы‚ 1963). «Кәсібі мен мамандығы жазумен байланысты, үнемі қаламмен жұмыс істейтінбаспа және баспасөз қызметкерлерінің, білім мен ғылым саласындағы мамандардың,мектеп мұғалімдерінің, студенттер мен оқушы жастардың, өзге де жұртшылықтыңпайдалануына арналған» сөздікті құрастырушылар тілдегі жүйені, норманы түсініп,тіл біліміндегі, қазақ грамматикасындағы өзгерістерді меңгеруі қажеттігідаусыз.

Профессор А.Ысқақов атау формада тұрғанда өзі арқылы заттың біреуінемес, жиынын топтап ия қамтып атайтын зат есімдерді көптік мәнді есімдер деп атап, оларға

·       сұйықтық атауларын (айран,шай, тұздық, т.б.); 

·       газ тектес заттардың аттарын (бу, түтін, тұман, т.б.);

·       уақ, ұнтақ заттардың, ұйысқан майда заттар мен бытыранды,таранды, үгітінді заттардың атауларын (ұн,шаң, тозаң, бетеге, жусан, жүн түбіт, шаш, кірпік, жиде, алша, т.б.);

·       дерексіз ұғымдарды білдіретін заттардың атауларын (айла, ақыл, дау, қасірет, сүйеніш, шындық,т.б.);

·       өздігінен табиғи бөлшектенбейтін кесек заттардың атауларын(алтын, қола, құрыш, шойын, т.б.);

·       жаратылыс құбылыстарының атауларын (боран, жаңбыр, қар, жел, құйын), т.с.с. зат есімдерді жатқызады (Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы:Ана тілі, 1991. – 382 б.

           Зерттеушілерхалық аттары (орыс, қазақ, өзбек, найман),хайуан аттары (жылқы, сиыр, арыстан, аққу),қосарлы дене мүшелерінің аттары (көз,құлақ, бүйрек, қол, аяқ), санауға көнбейтін заттардың аттары (құмырсқа, көбелек, қамыс, сұлы, шыбын),жинақтық ұғымды білдіретін сөздер (мал,ағаш, шөп) көптік жалғауынқабылдамайтынын айтады (Данияров А. Категориямножественности в современном казахском языке. — Алматы‚ 1965).

Алайда сөздік құрастырушыларқазақ тілінің бұл ерекшелігін назардан тыс қалдырған. Сол себепті халық, топатауларын көптік қосымшасымен берген: армяндар; ачелер(этнон.); ацтектер (этнон.);  баварлар; бамбаралар; баскілер (этнон.); берберлер; буряттар; варягтар; венгрлер;  гавайлықтар;гвинейліктер; голландтар; грузиндер; еврейлер; жапондар; исландтар;  испандар; йемендер; қарайымдар; қарлұқтар; қимақтар;құмықтар; қазақтар; қалмақтар; қарақалпақтар; күрдтер, т.с.с. Кейде көптік қосымшалытүрін сөзтізбеде жеке берген: ақнәсілділер; баскілер (этнон.); батысеуропалықтар; т.т. Сондай-ақ американец сөзініңбаламасы америкалық, америкалықтар түрінде берілсе, итальянец атауы итальян, итальянға,итальяндар түрінде таңбаланған. Бұл тілдегі норманы игере қоймағаноқушыларды немесе қазақ тілін үйренгісі кеп жүрген жандарды шатастыратыны түсінікті.

Соныменқатар мақұлық, жануар атаулары да көпше тұлғада берілген: аминодонттар (зоол.); афлатоксиндер (биол.); батрахозаврлар (зоол.); бацилдер (биол.); жарғаққанаттылар (зоол.);баскөкіректілер (зоол.); т.с.с.

Санауға келмейтін шыбын-шіркей, жәндік,бактерия атаулары да көпше тұлғада берілген: гетеротрофты ағзалар; ыдыратушы-ағзалар (биол.); желекқанатты жәндіктер; қосжұпаяқтыжәндіктер; бауыраяқтымоллюскілер; қансорғыш кенелер; қансорғыш масалар (зоол.); бауыраяқты моллюскілер; архебактериялар; кукумовирустар (биол.); аэробтар (биол.); гаплоидтер, гаплобактериялар, т.с.с. Бұлорайда сөздік құрастырушылардың Масақаптап кетті. Далада шыбын бар ма? т.с.с. көпшілік қолданыстағы сөздергемән бермегендері қайран қалдырады.

Өсімдікәлемінің атауларына да көптік қосымшасы жалғанған: алмұртшөптер (бот.); баданалы арамшөптер; жидеағаштар; қосүйлі өсімдіктер (бот.);бұталар (бот.); дәрілік өсімдіктер; дарагүлділер (бот.); даражапырақтылар (бот.); даражарнақтылар (бот.); баданалыөсімдіктер; балды өсімдіктер; қырықбуынтектес өсімдіктер; қалқанжапырақты ағаштар; қылқанжапырақтылар (биол.);қорғасыншөптер (бот.), т.с.с. Қазақ тіліндегі шөп шапты, гүл терді, гүл сыйлады, жеміссатып алды, т.с.с. түрінде қалыптасқан нормалар орфографиялық сөздіктеәбден бұзылғанын байқаймыз.

Көптік қосымшасының берілуінде бірізділік сақталмаған. Атаудыңқұрамындағы сөздер бірде бірге, бірде бөлек таңбаланған. Тіпті жинақтық ұғымдыбілдіретін топтар (отряд) да әркелкі берілген. Мысалы: қайың тұқымдасы;  қалақайтұқымдасы (бот.);  қияқ тұқымдас (бот.);  қоғатұқымдас;   кірпібас тұқымдасы;  кипарис тұқымдасы;  қыран тектес;   байсат туысы (бот.);  байсаттар (бот.), байсаттар тұқымдасы (бот.);  белдікгүлділер (бот.);  белдікгүлділертұқымдасы;  дарақтәріздес;  адам тәріздімаймылдар (зоол.);  дауылпазтектестер (зоол.);  бұтақмұртты шаян тәрізділер (зоол.); фагоцителлотәрізділер (биол.); кивитәрізділер (құстар тобының отряды);  т.с.с.

Ауру атаулары, емдеу тәсілдері де көптік формадақолданылған: қантамыр аурулары;  бактериофагтармен емдеу (мед.); клиникалық аурулар;  альгицидтер; геотехнологиялық әдістер;гамма-тәсілдер; емдеу-профилактикалықшаралар;  т.с.с.

Дерексіз зат есімдерге де көптік қосымшасы жалғанған: мәліметтер базасы (инф.);  кіріс мәліметтері(инф.);   деректер базасы;  деректер жинақтамасы;  ағымдағы міндеттер;  жайттар; ашылулар (терм.); бүркеме-жадтар; флеш-жадтар; мультимедиалық мүмкіндіктер;күмәнді борыштар (экон.); күмәндіталаптар (экон.);  т.с.с. 

Қазақтілінің нормасы бойынша, сұйықтық атаулары, газ тектес заттардың аттары, уақ,ұнтақ зат, ұйысқан майда зат, бытыранды, үгітінді зат атаулары,  бөлшектенбейтін кесек заттардың атаулары,жаратылыс құбылыстарының атаулары, қосарлы дене мүшелерінің аттарына көптікқосымшасы жалғанбауы керек. Алайда сөздік құрастырушылар бұларға мән бермегенгеұқсайды: гейзерлік булар;  қышқыл сулар (геол.);  лимонадтар;  гистологиялық бояғыштар;  қостұздар(хим.);  қалдық радиациялар;  қалдықтар(экол.);  қағазқалдықтар (макулатура);  алюмсиликаттар;  кіржуғыш ұнтақтар;  ванадаттар(хим.);  мұхиттық ағыстар;  құрыш қолдар;  галопелиттер (геол.), т.с.с. Тіпті егіз сөзі де көпше тұлғада (егіздер)берілген.

Қазақ тіліндегі нормаға сәйкес қосарланған қос сөз жинақылық ұғымды білдіреді (МамановЫ. Қазақ тіліндегі көптік форма // Қазақ тілі мен әдебиеті. — Алматы‚ 1973. — 2-шығуы. — 31-36-б.). Сондықтан қосарланған қос сөздерге көптік қосымшасыжалғанбауы керек. Алайда сөздік құрастырушылар ол заңдылықты да ескермеген: салт-дәстүрлер: ақын-жазушылар;  құрал-саймандар тақталары (инф.); бай-құлақтар;  бай-шонжарлар;  ядролық оқ-дәрілер;   т.с.с.

Сөздіктегіағаттықтың көбі орыс тіліндегі нормаға сай берілгеннің салдарынан туындаған. Орыстілінен калька аударманың нәтижесінде пайда болған  текущий сөзінің баламасы қазақ тіліне ағымдағы ретінде беріліп жүр. Алайда тіл мамандары қанша байбалам салып, мұндайбаламалар қазақ тіліне жат екенін айтқанмен, сөздік құрастырушылар бұған да мәнбермеген сыңайлы: ағымдағы, ағымдағы есепшот; ағымдағы жөндеу;  ағымдағыжыл;  ағымдағы кезең;  ағымдағы міндеттер;  ағымдағы нұсқау;  ағымдағы шығын (экон.); ағымдағы іс. Тілімізде биыл, осы жыл, т.с.с. бірнеше балама болғанмен, сөздікте орыстілінен калька түрінде аударылған ағымдағыжыл; үстіміздегі жыл, т.с.с. қате аудармалар берілген. Сол сияқты бизнес-класс сөзінің баламасы ретіндеберілген бизнес-сынып, бизнес-сыныбы сөзі де қате баламалар қатарынажатады. Сынып сөзі қазақ тіліндемектепке қатысты қолданылатыны белгілі.

Сөздік құрастырушылар қазақ тілінде апырай,апырау, апырмау, апырмай, япырмай, япырмау, ойпырмай, ойпырмау, т.с.с. түрде кірігіп кеткен сөздерді апыр-ай (од.);апыр-ау (од.); апырым-ай (од.); апырым-ау (од.); япыр-ай; япыр-ау; япырым-ай; ойпыр-ай;ойпырым-ай; ойпырым-ау түрінде, шылаулардың арасын дефиспен ашып береді.Дұрысында, мұндай кіріккен сөздердің арасы ашып көрсетілмеуі керек. Екіншіден,сөздің жігін дұрыс көрсететін болсақ, а, пірім-ай; а, пірім-ау; а, пір-ай; а, пір-ау; йә, пір-ай; йә, пір-ау; йә, пірім-ай; йә,пірім-ау; ой, пірім-ай;  ой, пірім-ау (Байтұрсынұлы Ақымет Емле туралы //Еңбекшіқазақ. – 1929, 27 наурыз) болады. Халық әндерінде, ақын-жазушылардың тілінде япырмау,япырай, апырмай, т.с.с. түрде кіріккен түбір ретінде беріліп келе жатқанодағайларды енді дефис арқылы жазғаннан не ұтамыз? Әрі бұл одағайлардың басында, ортасын да өзгертпей, соңындағы шылауды ғана ажыратқан дұрыс бола ма? Пір сөзінің үлгісімен қазақ тілінде жиі қолданылатын Алла, Құдай сөздерін а, Аллам-ай; а, Аллам-ау; а, Алла-ай; а, Алла-ау; а, Құдайым-ай; а, Құдайым-ау; а, Құдай-ай; а, Құдай-ау; т.с.с. түрде беруіміз керек пе? Алла, Құдай сөздерінің түрлі қолданыстарын таратқаннан гөрі пір сөзінен жасалғанодағайлардың түбірін көрсетіп, шылауын жеке бермей-ақ кіріккен одағай ретіндеберген жөн.

Сөздікте жергілікті өңірге тән одағай (әкәу)берілген. Дұрысында, бұл әке-ау түрінде жазылуы керек. Себебі ол басқа нұсқаларда да (әкем-ау, әкесі-ау) кездеседі. Ол кіріккен одағайға жатпайды.Сондықтан мұнда тілдегі жүйені сақтап, түбір мен шылаудың арасын ажыратып,дефис арқылы жазған дұрыс.

Сөздікте біріккен сөздер қос сөз ретінде берілген тұстар кездеседі: аяқ-қапсыз; аяқ-қаптай; бетперде (маска); бет-перделеу; кіш-міш (жүзім); т.с.с. Аяққап, бетперде сөздері реестрде дұрыс берілгенімен (аяққап (этн.), аяққабы; бетперде (маска)), сол сөздіңқатысуымен жасалған тілдік бірліктер (аяқ-қапсыз; аяқ-қаптай; бет-перделеу)қос сөз ретінде берілген. Біріккен сөздер қандай қосымша жалғанса да, қос сөзгеайналып кете алмайды. Бұл да ­қазақ тілінің жүйесіне нұқсан келтіріп тұр. Қазақтілінде, түркі тілдерінде де мейіз атауы бола тұрып, кишмиш түріндегісөзді қос сөз ретіндегі берудегі мақсатты түсіне алмадық.

Көпшіліксоңғы жылдары сөздікке енгізіліп жатқан өзгерістерге наразылығын айтып жүр. Нақтыөзгерістерді сараптау үшін академик Рәбиға Сыздықова редакторлық еткен 1988жылғы «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» мен профессор Нұргелді Уәлидіңредакторлығымен 2013 жылы жарық көрген сөздіктерді салыстырайық.

 Академик РәбиғаСыздықова редакторлығымен (1988)

 ПрофессорНұргелді Уәлидің редакторлығымен (2013)

жалаң аяқ

жалаң аяқтану

жалаң бас

жалаң бастану

жалаң бұт

жалаң қабат

жалаң сөз

жалаң төс

жалаңаяқ

жалаңаяқтық, жалаңаяқтығы

жалаңбас

жалаңбастану

жалаңбұт

жалаң қабат

жалаң сөз

жалаң төс

бас киім

аяқ киім

сырт киім

тыс киім

іш киім

іш көйлек

баскиім

аяқкиім

сырткиім, сырткиімі

тыскиім, тыскиімі

ішкиім

ішкөйлек

ақ сабын

алқынды сабын

иіс сабын

кір сабын

қара сабын

ақ сабын

алқынды сабын

иіссабын, иіссабынға

кірсабын, кірсабынға

қара сабын

шайқасық

асқасық

балқасық

қалайықасық

шайқасық, шайқасығы

асқасық, асқасығы

балқасық, балқасығы

қалайы қасық

Мақаланың көлемі көтере алмайтындықтан, қысқаша беруге тура келді. Кестеденкөріп отырғанымыздай, 2013 жылғы сөздікте бірге, бөлек жазуда жүйеліліксақталмаған: жалаңаяқ; жалаңбас; жалаңбұт сөздері бірге жазылғанмен, жалаң қабат; жалаң сөзсияқтыбірліктер бөлек жазылған. Екеуі де анықтауыштық қатынасқа құрылғандықтан, бірмодель бойынша жазылуы керек еді. Оның нақты себебін жазарман да анықтайалмайды. Себебі редактордың сөзінде ол жайында айтылмаған.  

Кітаптың соңындағы ережеде: «§ 21. Екі зат есімқатар айтылып, бір ғана затты, құбылысты, ұғымды атап, алдыңғысы соңғысыныңтегін (неден жасалғанын), неге, кімге арналғанын, немен жұмыс істейтінін жәнеөзге заттардан ажырататын белгілерін білдірсе, олар бөлек жазылады, мұндайкүрделі тіркестердің алдыңғы сөзі анықтаушы, соңғысы анықталушы болып келеді.Мысалы: ағаш күрек, сұрпы ет, ұл бала, қыз бала, мысық мұрт (жігіт), алабұлт», – делінгенмен, соңындағы ескертуде:«Анықтаушы-анықталушы қатынастан ажырап, бір заттың атауы болып кеткенсөздер бірге жазылады: беторамал, қолорамал, асқасық, шайқасық, кірсабын,иіссабын, ішкиім, ішкөйлек, кіреберіс, шығаберіс, қолайна, қолара т.б.», –деп жазылған.

Алайда, шынтуайтына келгенде,сөзтізбедегі ағаштарақ сөзі тарақтың ағаштан жасалғанын, теміршар сөзі шардың темірден жасалғанын, тегінбілдіреді. Олардың жез құман, теміркүрек, темір қазық, қалайы қасық, күмістеңге сияқты тіркестерден қандай айырмашылығы бар? Олар да заттың неденжасалғанын білдіріп тұр ғой. Сөздікке сүйеніп, дұрыс жазғысы келген оқушы қайкезде бірге, қай кезде бөлек жазу керек екенін қалай ажыратуы керек?  Сөздікте ағашаяқ (ыдыс), ағашаяқ (протез) бірге жазылғанмен, ағаш балға; ағаш ине; ағаш кереует; ағаш оқ;ағаш соқа; ағаш тостаған; ағаш төсек; ағаш тұғыр; ағаш тырма; ағаш үзеңгі; ағашүй; ағаш шелек (көне), т.с.с. бөлек жазылған. Ағашаяқ(ыдыс) бірге жазылғанда ағаш тостаған; ағашшелек не себепті бөлек жазылады? Бәрі де ағаштан жасалғаныдысты білдіреді ғой. Не себепті екі түрлі жазылуы керек? Ал шайқасық,асқасық, балқасық, беторамал,қолорамал сияқты сөздер заттыңнеге, кімге арналғанын білдіріп тұр. Кейде балқасық дегеннің орнына кішкене қасық,ас қасық дегеннің орнына үлкен қасық деп те жатады. Осыдан-ақ анықтауыштық қатынас анық көрініп тұр емес пе? Ендеше,бұл сөздердің бәріне арнайы ескертудің қажеті қанша? Бұл орайда академик Р.Сыздықтыңтөмендегі тұжырымдары басшылыққа алынуы керек: «Екі зат есім қатар айтылып, бір ғана затты атап, алдыңғысы соңғысының тегін(неден жасалғанын), неге арналғанын, немен жұмыс істейтінін және өзгелерінен ажыратылатын белгілерінбілдірсе, олар бір-бірінен бөлек жазылады. Мысалы: ағашшот (ағаштан жасалған шот), ат қора (атқа арналған қора), желдиірмен (желмен жұмыс істейтін диірмен), жолазық (жолда жеуге арналған азық), май шам (маймен жанатын шам), шайқасық (шай ішкенде жұмсалатын қасық), кір сабын (кір жууға арналған сабын), ат арба (ат жегілген арба), сарымай (сары түсті май), бет орамал (бет сүртуге арналған орамал),т.б.» (Рәбиға Сыздық Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000. –37-б.).  

Төр, төр жақ; төргі жақ; сол, солжақта сияқты бірліктер бөлек жазылғанда не себепті оң жақ (оңжақ (этн.), оңжағы) бірге жазылуы керек? Әрине, оң жақ тіркесініңұлттық сипатты мәні бар екені белгілі, ал солжақ немесе төр жақ сияқтытіркестерде ондай мән жоқ па? Екіжақты,көпжақты сөздері бірге жазылғанда (көпжақты, көпжақты келісім; екіжақты, екіжақты қатынастар, екіжақтымәміле),  үш жақты; төрт жақты тіркестері не себепті бөлек жазылады? Әлде үшжақты немесе төрт жақты келісімболмай ма?

Сөздікте анықтауыш пен анықталушы сөздердің тіркесі детүрліше берілген: айыптұрақ; жеделсаты;айырөркеш; айырсадақ; айыртұяқ; ауызтіл; ауызбөлме; ауызүй; аспабесік, аспабесігі;аспашам; аспакөпір, аспакөпірі; будиірмен,будиірменге; буқазан, буқазанға;буқұбыр, буқұбыры; т.с.с.сөздер бірге жазылса, дорба ауыз; жезқұман; жез бұйдалы; айыр бота; айыр түйе; айыр көмей; айыр сақал; ағаш шеге (көне); ақ сырық мылтық; аспа жол;т.с.с. бірліктер бірге жазылған. Яғни, бір модельге жататын бірліктер түрлішежазылған. Аспа жол бөлек жазылса, аспакөпір неге бірге жазылатынытүсініксіз. Сол сияқты шет жақ; шет жер;шет мемлекет; шет пұшпақ; шет тіл сөздері бөлек жазылса, шетел;шетаймақ сөздері бірге жазылған. Анықтауыштыққатынасқа құрылған, біріздендіруді қажет ететін бір модельдегі сөздер сөздіктеөте көп:  

Бөлек жазылған:

Бірге жазылған:

арам ниет

арамниетті

арамой

арамойлы

адал ниет

арампиғыл

арампиғылды

ақниет, ақниет тілекпен

ақниетті

аланиет, аланиетадам

ақниет

айыр бота

айыр түйе

айыр көмей

айыр сақал

айырқұйрық

айырмүйіз

айырөркеш

айырсадақ

айыртұяқ

елағасы

жігіт ағасы

жолағасы

қосағасы

отағасы

төрағасы (көне)

аша мүйіз

ашасүйек

ашатұяқ

жатын, жатын орын

жәрдем ақша

жиделі байсын (114-б.)

жеті қат жер асты (367-б.)

жолдама құжат  (272-б.)

жүк мәшине (279-б.)

құл, құл иелену(388-б.)

құлқын сәрі (389-б.) 

бірүйліөсімдіктер  (188-б.) 

қисық табан (етік)

биік өкше етік 

қан сәске

қатын бесін (мезгіл)

қол бөгеу

қыр асты

тартпа айыл

тұрғын ел

тұрғын үй

үлгі жоба

үлгі норма

жорық дорба

жан даусы

жолдама құжат 

жатынүй (ұйықтайтын бөлме)

жәрдемақы

жиделібайсын жер (270-б.)

жерасты, жерасты суы  (268-б.)

жолдамақағаз

жүккеме  (279-б.)

құлиелену (389-б.) 

құлқынсәрі (389-б.) 

үйлік: бір үйлік (610-б.)   

жайтабан, жайтабан етік

қиықсәске

қожабесін (көне)

қолбайлау, қолбайлау болу

қолбайлаушылық, қолбайлаушылығы

жерасты

тартпабау (этн.)

тұрғынжай

үлгіқалып, үлгіқалыбы

үлгінұсқа

қолдорба

атдорба

жанайқай

жолдамақағаз

итырқылжың

итәуре, итәуреге түсу

екі аралықта

екіортада, екіортада келіпқалу

екіарада, солекіарада

жалғыз ауыз сөз

жалғыз атты

жалғызаяқ, жалғызаяқ жол

жалғызбас, жалғызбас жүру

Редактордың сөзінде «атаулықмән алған және жұрнақ жалғану арқылы бір ұғымды білдіретін сөзге айналғантұрақты тіркестердің бірге жазылуы көрсетілгені» жайында айтылады. Алайда мұндада бірізділік байқалмайды: иттіс, қашаутіс сөздері бірге жазылғанмен, ақыл тіс; азу тіс; ат тіс (күректей, үлкен тіс); қой тіс; ұрытіс; жұлқар тіс; күрек тіс; қабан тіс; қасқа тіс; қашау тіс; т.с.с. бөлек жазылған. Қашау тіс сөзі 371-бетте біресебірге, біресе бөлек жазылған. Қай кезде бірге, қай кезде бөлек жазылатыныкөрсетілмеген, мысал, т.б. берілмеген. Сөздікте алашапқын сөзі бірге жазылғанмен, ала дүбір тіркесі бөлек жазылған. Шаршытоп сөзі бірге жазылғанмен, алқа топ сөзі бөлек жазылған, алақап сөзібірге жазылғанмен, ала дорба тіркес ретінде бөлек жазылған. Бір ұғымдыбілдіруде қатар қолданылып жүрген бәйге,жарыс сөздерінің тіркесуімен жасалған бірліктердің таңбалануы даәркелкі:  атбәйге; атжарыс; түйежарыс; атанжарыс бірге жазылса,  айналма бәйге; аламан бәйге бөлекжазылған; құнанбәйге; құнанжарыс біргежазылса, дөнен бәйге бөлекжазылған; жаяу бәйге бөлек жазылса, жаяужарыс;қаражарыс бірге жазылған;  бәйгеалаң бірге жазылса, бәйге төбе бөлек жазылған.

Академик Р.Сыздық «Қазақ тілінің анықтағышында»:«§46.Түбіркүйінде компоненттері бір-бірінен бөлекжазылатын анықтауыштытіркестер мен тұрақты тіркестерге етістік не есім тудыратын жұрнақтаржалғанғанда да сөздердің бөлек жазылуы сақталады, бұлар күрделі етістік немесе күрделі сын есімқатарына жатады. Мысалы: ақ таңдақ(жер) – ақ таңдақтану (жерақ таңдақтанып жатыр), қара барқын – қара барқындану, іш құса(болу) – іш құсалық, темір жол – темір жолдық(құрылыстар), ортан қол – ортан қолдай(жігіт), көп бала – көп балалы(отбасы), жоғары сапа – жоғары сапалы, шала сауат – шала сауатты, мал дәрігері – мал дәрігерлік, көп ұлт – көп ұлттық, көп жыл – көп жылдық(еңбек), ұсақбуржуазия – ұсақ буржуазиялық», – дегенімен (38-б.), 2013 жылғы сөздікті құрастырушылар бұл қағидатқа мәнбермеген. Сол себепті сөздікте бір модельге тән бірліктер түрліше берілген:

біріктірілген

тіркестірілген

қосарланған

астықжақсартқыш (егіншар.)

астықкептіргіш (тех.)

асфальтқыздырғыш

асфальттөсегіш

әксөндіргіш

балықөткізгіш

бояутозаңдатқыш

бояуүккіш

бөренетасығыш

буқозғалтқыш

буөлшегіш

бусалқындатқыш (тех.)

бұрандакескіш

бұтакескіш

вафлипісіргіш

вирустасығыш

газанықтағыш

газқыздырғыш

газтазалағыш (мәшине)

жантыныштық

ауыстырып қосқыш

сөз байлатқыш

бактерия жайғыштық

әскергешақырылушы

әріптеруші

бағыт беруші

бала мінезді

арыстан жалды

тоқпақ жалды

сал бөкселену

заң бұзушы

иман жүзді

кем несібелілік

кең жауырынды

кең ойлы

кепіл беруші (заң.)

кепіл ұстаушы (заң.)

көз байлаушы

көз жеткісіз

көз көрмес

ашық-жарқындық

әкей-үкейлесу

әкей-үкейлеу

аяқ-табақ, аяқ-табағы

аяқтабақсыз

аяқтабақты

бақ-талайсыздық, бақ-талайсыздығы

бала-шағалы

бала-шағасыз

бет-перделеу

дел-салдық, дел-салдығы

қант-шайлық, қант-шайлығы

Сөздік құрастырушылар жарысақолданылып жүрген нұсқалардың қате түрін тұрақтандыруға, қалыптандыруға(кодификациялауға) тырысатын сыңайлы. Сөзіміз дәлелді болуы үшін нақты мысалдаркелтірейік. Мәселен, сөздікте кірпікшешен,кірпішешен түрінде жарыса қолданылып жүрген сөздердің кірпікшешен (зоол.), кірпікшешенге нұсқасы берілген де кірпішешен түрі мүлде берілмеген. Алайдахалық қолданысындағы, сөздіктегі кірпіше;кірпі, кірпі қабақ; кірпі шаш; кірпіше; кірпішөп (өс.); кірпібалық, кірпібалығы;кірпібас, кірпібас тұқымдасы;кірпідей, кірпідей жиырылу; кірпілену,кірпіленбеу, кірпіленген; т.с.с. сөзқолданыстардан жарыса қолданылып жүрген сөздердің дұрысы кірпішешен екенін аңғаруға болады.Сөздік құрастырушылардың бұған не себепті мән бермегендері түсініксіз. Солсияқты алай-дүлей, алай-түлей сөздерінің дұрыс нұсқасы ретінде алай-түлей нұсқасын ғана береді: алай-түлей, алай-түлей болу, алай-түлей боран; алай-түлейлену, алай-түлейленбеу,алай-түлейленген. Яғнисөздікшілер сол нұсқаны тұрақтандыруға тырысқан. Алайда көпшілік қолданыста,тіпті сөздіктің өзінде де қос сөздің сыңары түлей емес, дүлей түрінде болуынайғақтайтын дәйек көп. Оны дүлей сөзініңтіркесімділігі, қолданысы, сөзжасамдық ұясынан да көруге болады: дүлей, дүлей боран; дүлей күш; дүлейдей; дүлейлену, дүлейленбеу,дүлейленген; дүлейлік, дүлейлігі. Ал түлей нұсқасын мұнымен салыстыруғакелмейді. Сол сияқты сөздікте айырылу; айырылыс, айырылысы; айырылысқазан (этн.); айырылысу, айырылысса; айырым, айырымы, айырым белгі (лингв.); айырысу, айырысса, есеп айырысу; т.с.с. сөздердің бәрінде й мен р-дың арасында ы әрпібар екені анық көрсетілсе, айрық, айрығы, айрық жол; жолайрық, жолайрығы сияқтысөзтізбеде ы әрпінсіз таңбаланған.Сөздікті пайдаланушылар әр сөзді сөздіктен қарап отырмаулары керек. Сөздерқазақ тілінің жүйесіне, заңдылығына сәйкес бірізділікпен берілуге тиіс. Тілдегіжүйені түсінген жазарман сөздікке қарамастан-ақ жазып дағдылануы тиіс. Алайда2013 жылғы сөздіктен ондай нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.

Сөзтізбенің берілуінде бірізділік сақталмаған. Есімсөздерде тәуелдік жалғауы негізінен зат есімдердің реестрінде берілгенмен, затесімдер немесе затсымақтанған сөздер тәуелдік жалғауынсыз берілген тұстары,тәуелдік жалғаулы сөздің жеке берілген тұстары, барыс септігі мен табыс септігіжалғанған позициясы, зат есіммен бірге сын есім ретіндегі қызметі қатарберілген кездері көп кездеседі: бейіт, бейіт (сөз не себепті екірет сол қалпында берілгені түсініксіз); бар-жоқ; бар-жоғы, бар-жоғы осы-ақ (бар-жоқ нұсқасы жеке, бар-жоғы нұсқасы жеке берілу себебітүсініксіз); бекініс; бөтелке; егеу; жая; зыңыл; керней; кітапхана; қаңқыл; серт; тұз;тыл; тыным (бұл сөздердіңтүрленуі көрсетілмей, не себепті жеке берілгені түсініксіз); мауқы, мауқын басу (не себепті тәуелдеулітұлғасы ғана берілгені түсініксіз); ақхалаты (тәуелдік тұлғалы сөздің ақхалат нұсқасынан кейін үтірмен берілмей, арнайы берілуінің себебін түсінеалмадық); фьючерс (экон.), фьючерстіккелісімшарт (сын есім не себепті зат есімнің сөзтізбесінде берілгенібеймәлім); ақмұрт (тағам), ақмұртқа,ақмұртты; алақұрт (ою-өрнек), алақұртқа, алақұртты; алақұрт (ою-өрнек), алақұртқа, алақұртты (сөздік құрастырушылардың алақұртты сөзін қалай сипаттапотырғандары түсініксіз; сөздіктегі зат есімдердің берілуін басшылыққа алсақ,тәуелдік жалғаулы түрі берілуі керек, онда алақұрты болуы тиіс; ал бұл жердегі берілуі табыс септігі жалғанған түрі ме, қатыстықсын есім жасалған түрі ме, – түсініксіз); зат есімді қатыстық сын есім арқылы сипаттау (былқылдақтық, былқылдақты);сын есімді зат есім арқылы сипаттау (серіппелі, серіппелігі; әйелшіл, әйелшілігі), т.с.с. Не себепті олай берілгені редактордың кіріспесөзінде де көрсетілмеген.  

Соңғы дыбысы [й] дауыссызынабіткен етістіктерге көсемшенің жуан түрі қалай жалғанатыны бастауыш мектептеоқытылады. Кейін дағдыланып алған балалар үшін ол көп қиындық тудыра қоймайды.Алайда орфографиялық сөздікті құрастырушылар үшін бұл позиция ауыр тигенсыңайлы. Себебі сөздікте я әрпініңорнына біресе й, біресе и әріптерін жазған: ақыраю, ақырай, ақырайады, ақыраюы; аржию (сөйл.), аржи, аржиады, аржиюы; қалбию, қалби, қалбиады, қалбиюы, т.т.

Сөздікқұрастырушылар кейі етістігініңсоңындағы -і сөзжасамдық қосымшасын түсіріптастап, соңғы дыбысы [й] дауыссызынабіткен етістіктердің қатарында түрлендірген. Нәтижесінде кейіуі болыпжазылуға тиіс сөз кеюі болып шыққан: кею, кейі, кейиді,кейиін, кеюі (дұрысында  кейіу,кейі, кейійді, кейійн, кеійуі болуы тиіс қой!). Сол сияқты Басыңды ій деген сөйлемдегі ій сөзін де, Сиыр ійіді дегендегі ійі сөзін де жалғыз и әрпінен бастап: ию, и, иеді, иді, иіп, иген, иейін, июі; ию, иі,ииді, ииін, иіді, иіген, иіп, июі түрінде жазған. Сөз басында дауысты и дыбысының екі рет қайталануы (ииді, ииін) қазақ тіліндегі жүйегеқайшы.

Сөздікте екідауысты қатар келген біріккен сөздер көп кездеседі. Шет сөздерді алмағанның өзінде қазақ тіліндегі сөздердің өзі екі түрліберілгенін көреміз:

 

Түсірілген:

Түсірілмеген:

а/а:

қарала, қарала үйрек

қарғауыз (құрал), қарғауызға

алтыбақан, алтыбақан алауыз

алмаағаш, алмаағаш бағы

дараауыз, дараауыз мылтық

араағайындық, араағайындығы; бақаауыз, бақаауыз ағаш; батааяқ (этн.), батааяғы; босағааттар (кәде); т.т.

ы/а:

алтатар (мылтық)

алтаяқ (әдеб.), алтаяғы

алтаяқ (киіз үйдің түрі), алтаяғы

алтаяқты (әдеб.)

саптаяқ, саптаяғы

саптаяқтай

қандағаш (өс.)

жақсат (абырой), жақсат бермеу; жақсатты, жақсатты болу

дауыстыаралық (лингв.); жалпыадамзаттық; қандыауыз (озбыр); салпыауыз; салпыауыздық; сарыағаш (өс.); сарыала, сарыала қаз; сарыандыз (өс.); сарыатан (үлкен атан түйе), сарыатанға; сарыауыз, сарыауызбалапан; қандыауыз (озбыр); сатыағаш; ұйқыашар(этн.), ұйқыашарға; шыбыртқыаяқты, шыбыртқыаяқты жәндіктер; шыбыртқыаяқтылар (зоол.); шыныаяқ, шыныаяғы; т.т.

Кестеге қарап отырып, құрастырушылардың екі дауыстының бірін түсіріптастаудағы ұстанымын анықтау өте қиын. Ережеде: «§22. Күрделі сан есімдердің, күрделі сын есімдердің әрбір сөзі бөлекжазылады», – делінгенмен, қараала (этн. зерг.); қараала (этн. тамақ) деген сөздерде бірге жазылған. «Бұл сөздерзатсымақтанып, бір ұғымды білдіретіндіктен, бірге жазылған» демек болсақ, қарала,қарала үйрек дегенде мүлдекіріктіріліп, екі дауыстының бірі түсіріліп жазылған. Қара сөзініңұясында қара ала тіркес түрінде бөлек жазылған. Сонда қарала, қаралаүйрек пен қара ала тіркесінің айырмашылығы қандайекенін жазарман қалай біледі? Ал тура сол модельдегі сарыала, сарыала қаз дегендене себепті екі дауысты да жазылғаны түсініксіз.  

 «Қанды балақ, қанды көйлек (жолдас), қанды бас (қандыбасың кері тарт) деген модельді негізге алып, қанды сөзі тіркескен сөзінен бөлекжазылады» деген тоқтамға келмек болсаңыз, қандыауыз (озбыр); қандықол, қандықолқарақшы бірге жазылған. Бас та, қол да, ауыз да – дене мүшелері, не себептіәртүрлі жазылуы керек? Ал қандағаш (өс.)дегенде қатар келген екі дауыстының алғашқысы түсіпқалған. Сын есіммен тіркескен зат есімдердің құрамындағы қатар келген екідауыстының қай кезде түсіп қалатынын түсіну өте қиын. Жақсат (абырой), жақсат бермеу; жақсатты, жақсатты болу; саптаяқ, саптаяғы; саптаяқтай дегенде сын есім мен затесімдердің аралығындағы дауысты ы дыбысы түсіп қалған, ал салпыауыз; салпыауыздық; сарыағаш (өс.); сарыандыз (өс.); сарыатан (үлкен атан түйе), сарыатанға; сарыауыз, сарыауыз балапан дегенде не себептітүсірілмей жазылады? Ортақ ұстаным болуы керек қой.

Сан есімдермен біріккен сөздерді де қалай жазу керектігін анықтаумүмкін емес. Себебі екі ара; екі аралықта; алты айлық; алты айшылық жер; алты алаш (көне); алты қанат үй; алты құлаш ақнайза; алты қырлы; алты сан алаш (көне);жеті, жеті ағайынды; жеті ата;жеті ғалам; жеті тоғыз (этн.);жеті түнде; жеті шәріп (діни); т.т.тіркестер бөлек жазылса,екіағайынды (ақпан); екіарада, солекіарада; екіаяқты, екіаяқтыарба;  екіжақты, екіжақты қатынастар; екіжақты мәміле; екіжақтылық, екіжақтылығы; екіжүзді, екіжүзді адам; екіжүзділік, екіжүзділігі; екіқабат, екіқабат әйел; жетібасты, жетібасты жалмауыз; т.т. бірге жазылған.Келтірілген мысалдардың ішінде біріккен сөздердің ешқайсысында қатар келген екідауысты түсірілмей (екіағайынды (ақпан); екіарада, солекіарада; екіаяқты, екіаяқтыарба) жазылса,алтатар (мылтық); алтаяқ (әдеб.), алтаяғы; алтаяқ (киіз үйдің түрі), алтаяғы;алтаяқты (әдеб.); т.т. екі дауыстының алғашқысы түсіріліп жазылған. Бақаауыз,бақаауыз ағаш дегенде екі дауысты да түсірілмей, қарғауыз(құрал), қарғауызға дегенде не себепті түсіп қалғанын түсіну қиын. Реестрде алаауыз; алаауыздық (терм.), алаауыздығы түрінде, екі дауысты да түсірілмей жазылғансөз не себепті тіркес құрағанда өзгеріп, бір дауыстысы түсіп қалатыны (алауыз болу; алтыбақан алауыз) да түсініксіз. Мұны қазақ тіліндегіжүйені, норманы түсінбейтін адам түгілі, арнайы зерттеп жүрген мамандар датүсінбейтіні, тіпті сөздік құрастырушылардың өздері де түсіндіре алмайтыныбелгілі.

Жазарман қажет сөзін тез тауып алуы үшін орфографиялықсөздікте әліпбилік рет қатаң сақталғаны жөн. Алайда құрастырушылар оған да көпмән бере қоймаған сыңайлы:

айшықталу

ашықтану, айшықтанбау,айшықтанған

ашықтасу, айшықтасса

айшықтату

әскери, әскери атақ

әскери ант

бәледей

бөртісу

бөріауыз (кәс.),бөріауызы

бөртік, бөртік тары ботқаболмас

былғату

былғасу

Соғанбайланысты бір сөздің бірнеше рет кездесетін тұстары да орын алған. Мысалы:

адасу, адасса

адасқақ, адасқақ болу

адасқыш

адастыру

адастырушы

адасу, адасса

адасушылық, адасушылығы

саба, саба қарын

сабаяқ(энтог.),сабаяғы

сабағат, сабағат салу

сабашы

сабаяқ, сабаяғы

қайту, қайт, қайтті, қайтеді, қайтсе,

қайтіп,қайткен, қайтейін, қайтуі

қайтым, қайтымы тез

қайтымды, қайтымды валюта

қайтымды киноүлдір

қайтымдылық, қайтымдылығы

қайтымсыз, қайтымсыз процесс

қайтыс, қайтыс болу

қайтіп      

қайшы, қайшы келу, т.т.

Сөздердітасымалдаған кезде де ағаттықтар орын алған:

премьер-министр, премьер-минис-

трге,премьер-министрі

шевиот (мата), шевиотқа,шеви-

оты

эмбрион (биол.), эмбрионға, эмбри-

оны

амфитеатр, амфитеатрға,амфите-

атры, т.т.

Ережеде: «Сөз ішінде үш дауыссыз дыбысқатар келгенде, алдыңғы жолда екі дауыссызды қалдырып, келесі жолға үшіншідауыссыз дыбыс әрпін шығарып тасымалдау керек. Мысалы: құмырс-қа (құмыр-сқа емес), күңгірт-теу (күңгір-ттеу емес), жаңғырт-ты (жаңғы-ртты емес)», –делінгенмен, сөздіктегі премьер-минис-трге сөзінің тасымалдануы бұл қағидатқа кереғар.

Мақаланыжазудағы негізгі мақсатымыз – 2013 жылы жарық көрген сөздіктегі ағаттықтардыкөрсете отырып, ойымызды ортаға салу, болашақ сөздіктерде осындай олқылықтарды жібермеугешақыру. Кейінгі сөздіктерде жазарман үшін қиындық келтірмейтіндей етіп, бірмодельдегі сөздерді біркелкі жазу, екі түрлі жазылатын сөздердің себебінкөрсетіп, нақтылау қажет. Зерттеушілер арасында пікір алалығын тудырып жүргенсөздерді дұрыс жазу ұстанымы нақтыланғанша сөздікте бермеу керек. Сөздердібіріктіріп жазуға әуестеніп кетпей, жаңа сөздер тіркесу арқылы да жасалатынынескеру қажет. Сөзтізбеге сөйлеу тіліне тән, жазуда қиындық келтіре қоймайтынсөздер, түрленімі көрсетілмеген шеттен енген атаулар көп берілмеуі тиіс. Қазақтіліндегі норма, дұрыс жазу, кодификация мәселесін жан-жақты зерттеген,практиканы теориямен ұштастырған академик Рәбиға Сыздықтың ұстанымдарын ескеруқажет-ақ!

А.Байтұрсынұлыатындағы Тіл білімі институты Грамматика бөлімінің меңгерушісі, филологияғылымының докторы О.Жұбай

Әл Фараби атындағыҚазақ Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымының докторыА.Салқынбай

Мемлекеттік тілдідамыту институтының атқарушы директоры, филология ғылымының кандидаты Б.Қапалбек

Тегтер: