09:42, 09 Қараша 2023
Орындықта отырған: Павлодарда пәтерден әйел адамның денесі табылды
Құтқарушылар үйге терезе арқылы кірді
Павлодарда 63 жастағы әйел адам үйінде орындықта отырған жерінде қайтыс болған, деп хабарлайды Zhasalash.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 қазан күні сағат 16:50-де Катаев көшесі, 50 мекенжайында пәтер иесі есік ашпай жатқаны туралы хабарлама түскен.
Құтқарушылар баспалдақ арқылы үшінші қабатқа көтеріліп, терезе арқылы үйге кірген. Әйел адамның туыстары және полиция қызметкерлері де оқиға орнында болған.
– Құтқарушылар ас үйде тіршілік белгілері байқалмаған 63 жастағы әйел адамның отырған күйдегі денесін тапты. Іс полицияға тапсырылды, – деді департаментте.
Шақыртуға бір техника мен ТЖД-ның төрт қызметкері, 102 қызметі шықты.