Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:55

Өскеменде полицей өз қаруынан жараланды: күдіктілер ұсталды

Полиция
Фото: egov.kz

Өскемен қаласында полиция қызметкеріне жасалған шабуылдың мән-жайы анықталды. Оқиға салдарынан ол өз табельдік қаруынан жарақат алған.

Оқиға қалай болды?

Полицияның мәліметінше, оқиға қаладағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған.

Екі ер адам мас күйде:

  • полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткен;

  • оның табельдік қаруын тартып алған;

  • сол қарумен оқ атып, қызметкердің қолын жаралаған.

Бұл туралы ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қазбек Тақжанов мәлімдеді.

Күдіктілер ұсталды

Күдіктілер жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жарақат алған полиция қызметкері ауруханаға жеткізілген. Оның жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Қылмыстық іс қозғалды

Аталған факті бойынша бірнеше баппен қылмыстық іс қозғалды, соның ішінде:

  • құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғу;

  • қаруды заңсыз иемдену.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Тегтер: