Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:45, 27 Сәуір 2019

Оспанов Мәскеуден жеңіспен оралды

Соңғы жылдарыҚазақстанда аралас жекпе-жекті дамыту, UFC сияқтыбәсі жоғары ұйымдардың жекпе-жектеріне шығу мәселесі күн тәртібіне қойылыпкеледі деуге болады.

Ал, Қазақстан атынан сынға түсіп жүрген ережесіз жекпе-жекфайтерлері әзірге бұл межені бағындыра алмай келеді. Дегенмен, мамандар өзгеұйымдар ұсынған белбеулерді иемдену аты озып тұрған UFC-ге жақындай түсу депесептейді.

Осы салада көптенбері еңбек етіп, жетістіктерімен отандастыһарын қуантып жүрген белгі спортшы,аралас жекпе-жек файтері Арман ОСПАНОВ Ресей астанасы Мәскеу қаласында өткенкезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бұл жеңіс әшейін, көп жеңістің бірі емес,аты да, атағы да зор жеңіс болды деуге болады. Өйткені, ол қарсыласынсупернокаутпен жеңді.

Арман Оспанов пенГерманиядан келген спортшы Лом-Али Эскиев арасындағы жекпе-жек екінші раундтааяқталды. Алғашқы раундта германиялық спортшы ширақ қимылдағандай көрінген.Тіпті, Арман оспанов аздап сылбырлық танытқандай да болған. Дегенмен, екіншіраундта жіті қимылдаған отандасымыз қарсыласының басынан тіземен теуіп, нокаутқатүсірді. Бұл нокаут көп ұзамай супернокаут деп бағаланды.

Сөйтіп, Мәскеудегі ЦСКАспорт кешенінде өткен АСА 95 турнирінде «Сұңқар» лақап атымен танымал АрманОспанов осыған дейінгі қатарынан екі жеңілісін жеңіспен жалғады. Еске салакетсек, кәсіпқой спортта Арман орташа жеңіл салмақта өнер көрсетеді. Самбодан үшдүркін әлем чемпионы, екі дүркін әлем кубогының иегері, Бразилия Джиу-Джитсуыбойынша екі дүркін чемпион. Кәсіби аралас жекпе-жекте 9 кездесу өткізіп,жетеуінде жеңіске жеткен.

Ал, оның қарсыласыЛом-Али Эскиев Германияның атынан сынға түсіп жүрген шешен спортшысы. Оныңқоржынында осымен 2 жеңіліс тіркелді. 9 жекпе-жекте жеңіске жеткен.

Фото: vesti.kz

Тегтер: