Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:47, 09 Маусым 2022

«Отбасы хрестоматиясы» кітаптары көптің көңілінен шығуда

None
None

«Кітап оқылмайды» деген пікір көп айтылады. Алайда Алматы қаласында өткен «Алматы кітап жәрмеңкесіне» жиналған жұртшылыққа қарап кітаптың өз оқырманы барына көзіміз жетті.

 Әсіресе «Отбасы хрестоматиясы» сериясымен шыққан кітаптардың өз оқырманы қалыптасып үлгергенін аңғардық.

Осы жәрмеңке кезінде де екі кітабының тұсауын кескен шығармашылық ұжымның айтуынша алғаш 2012 жылы «Отбасы хрестоматиясы» сериясымен кітап шығарып бастаған екен. Жоба он жылдан бері 36 кітап шығарса, оның 16 балаларға арналған кітаптар. Бұл жобаның  тағы бір бағыты 1930 жылдары Алаш қайраткерлері аударған шағын шетел әдебиеттерін шығару екен. Кезінде латынша жазғандықтан аудармалары кирилицаға аударылмай қалған алаш қайраткерлерінің шығармаларын бүгінде өз оқырманымен қауыштырып отыр. Фальклор, психология бағытында да кітаптар легін басуда. Көрме кезінде қазақ халқының ерекше жақсы көрген ұлдарының бірі журналист Бейсен Құранбекке арналып, «Бейсен болмыс» кітабының тұсауы кесілді. Негізі осыған дейін Бейсенге арналып бірнеше кітап жарық көрген болатын. Алғашқы кітапта оның әріптестерінің, шәкірттерінің пікірлері жарық көрсе, екінші кітапта оның шығармалары, мақалалары, жазбалары, өзінің берген сұхбаттарына орын берілген болатын. Бұл жолы «Отбасы хрестоматиясы» аясында Бейсеннің болмысына философиялық және экзистенциялық талдау жасалып, уәдеде тұру, адалдық, ерлік секілді қасиеттерін оқиға арқылы ашуға тырысқаны байқалады. Үш рет басылып, он мың тиражбен таралып үлгерген кітаптың оқырманның көңілінен шыққанын аңғару қиын емес.

Жалпы Кеңес одағы кезінде оқуға тыйым салынған кітаптарды қайта басып, оқырмандарға ұсынып отырған Отбасы хрестоматиясы жобасының маңызы зор. Қазақтың рухани иммунитетін төмендету үшін, халыққа бірлік беріп отырған кітаптарды ол кезде халықтың қолына тимеу үшін бар мүмкіндік жабылса, қазір сол кітаптарды халыққа қайта қауыштыру арқылы жоғымызды түгелдеуге мүмкіндік туып отыр. Халық тарапынан сұраныс болғанының айғағы бүгінде «Отбасы хрестоматиясы» жобасы кітаптарының тиражының саны 500 мыңға жақындап қалыпты. Бір ғана «Салт дәстүр сөйлейді» кітабының тиражы 80 мыңға жуықтаған көрінеді. Мұның өзі «Отбасы хрестоматиясы» сириясымен жарық көретін кітаптардың өз оқырманы қалыптасып үлгергенін білдірсе керек.

Тегтер: