Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:24, 11 Тамыз 2020

Өткен тәулікте коронавирустық пневмонияға шалдыққан 57 адам анықталған, 9 адам қайтыс болған

None
None

Қазақстанда 10 тамызда белгілері коронавирусқа ұқсайтын пневмонияға шалдыққан 57 адам анықталған, 9 адам қайтыс болған.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

1-10 тамыз аралығында пневмонияның осы түріне шалдыққан 13 337 адам анықталған. 173 адам қайтыс болған.

Жаз айларында елде пневмонияға шалдығу күрт өршіп кетті. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан тамызға дейін ауруға 256 мың адам шалдыққан. Бұл – өткен жылдың алғашқы жеті айымен салыстырғанда 3,3 есе көп көрсеткіш. Былтыр осы аралықта өкпе ауруынан 2,3 мың адам қайтыс болса, биыл төрт мыңнан астам адам көз жұмған.

Жергілікті медицина мамандарының қысымы мен халықаралық қауымдастықтың назарынан кейін Қазақстан билігі 17 шілде күні 1 тамыздан бастап коронавирус пен ауру белгілері бойынша соған ұқсайтын пневмония дерегін біріктіріп жариялауға уәде етті. Алайда 2 тамыздан бастап жарияланған пневмония дерегі коронавирус статистикасынан бөлек жарияланып келеді. 10 тамызда денсаулық сақтау министрлігі өкілдері "пневмонияны" коронавирус дерегіне қоспайтынын мәлімдеді.

Коронавирус статистикасына тамызға дейін тіркелген 256 мың пневмония жағдайының бір де бірі кірмеген.

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер: