Өзбек боксшысы әлем чемпионы атанды
Өзбектің кәсіпқой боксшысы МуроджонАХМАДАЛИЕВ екі тұжырым бойынша әлем чемпионы атанды.
Бұл туралы «Жас АЛАШ» vringe.comсайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жиырма алты жастағы боксшы Өзбекстан тарихындаекі бірдей тұжырымға иелік еткен алғашқы спортшы. АҚШ-тың Майами қаласындаөткен кездесуде Муроджон америкалық Даниэл РОМАНДЫ жеңіп, IBF жәнеWBA (Super)белбеулерін қанжығасына байлады. 55,3 келі салмақта өнер көрсететін өзбекбоксшысы бар-жоғы сегізінші жекпе-жегінде осындай биік нәтижеге қол жеткізді.
Әуесқойлар арасында Рио олимпиадасының қолажүлдесін, әлем чемпионатының вице-чемпионы, ал Азияның чемпионы атанған.Ахмадалиев қазақ жанкүерлеріне де таныс есім. 2016 жылғы олимпиада ойындарындақазақ боксшысы Қайрат ЕРАЛИЕВТІ ¼ финалда жеңіп кеткен еді.
Фото: ok.ru