Өзбекстан 1 қазаннан бастап Ресейден газ сатып алады
Өзбекстан 1 қазаннан бастап республикаға Ресейден газ жеткізеді. Бұл туралы ТАСС агенттігі Өзбекстан энергетика министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
«Жоспарға сәйкес, 1 қазаннан бастап Өзбекстанға Ресейден газ жеткізіледі. Қажетті инфрақұрылымдар мен газ құдырлары қысымы жоғары газды қабылдауға дайын» деп мәлімдеген энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Хасан Ташхожаев.
Бұның алдында, Петербургте өткен халықаралық экономикалық форум аясында, Өзбекстан үкіметі «Газпроммен» екіжылдық келісім-шартқа отырған. Құжат жыл сайын республикаға шамамен 2,8 миллиард текше метр табиғи газ жеткізуді қарастырады.
Өзбекстан энергетика министрлігінің мәліметінше, келісім-шарт бойынша 1 қазаннан бастап тәулігіне 9 миллион текше метр газ импортталады.