Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
21:00, 16 Мамыр 2020

Өзбекстан карантин мерзімін тағы екі аптаға ұзартты

None
None

Өзбекстан коронавирусқа байланысты енгізген карантин мерзімін тағы 15 күнге ұзартты.

Дегенмен елде бірқатар шектеу шаралары алынған.

Үкіметтің арнайы комиссиясы 14 мамырда карантин мерзімі кемінде 1 маусымға дейін күшінде қалатынын мәлімдеді. Бірақ кейбір кәсіпорындарға жұмысын жалғастыруға рұқсат етілмек.

Орталық Азиядағы халқы ең көп мемлекетте ресми мәлімет бойынша, 2652 адамнан коронавирус табылған, 11 адам қайтыс болған.

Көрші Қазақстанда 11 мамырда төтенше жағдай аяқталғанмен билік карантин шаралары эпидемиологиялық ахуалға қарай біртіндеп алынатынын айтқан. Елде барлығы 5850 адамнан коронавирус табылған, 34 адам қайтыс болған.

Тәжікстанда вирус жұқтырғандар 1118 адамға жетті, 33 адам қайтыс болған. Қырғызстанда 1117 адамға вирус жұққан, 14 адам қайтыс болған.

Түркіменстан — Орталық Азия аймағында ресми түрде коронавирус табылмаған жалғыз мемлекет. Бірақ тәуелсіз БАҚ пен ашықтықтың жоғын алға тартқан сарапшылар бұған күмәнмен қарайды. Елде дәрігерлердің коронавирус туралы айтуына тыйым салынған, медициналық маскалар тағуға рұқсат етілмеген, ғаламдық індет жайлы айтқан азаматтар жазаланады.

LIVE Коронавирус Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер: