Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:49, 12 Мамыр 2020

Өзбекстан парламенті ЕЭО-ға бақылаушы ретінде қатысуды мақұлдады

None
None

Өзбекстан парламенті сенаты 11 мамырда Өзбекстанның Еуразия экономика одағымен ынтымақтастығы мәселесін қарастырды.

Сенат баспасөзінің хабарлауынша, "ашық және қызу пікірталастан соң" сенаторлар Өзбекстанның Еуразия экономика одағына бақылаушы — мемлекет ретінде қатысатынын мақұлдады.

— Бұл құқықтық мәртебені сәуірдің 28-іне Өзбекстан парламентінің төменгі палатасы құптаған,- деп хабарлайды Азаттық радиосының Өзбек редакциясы.

2015 жылдың қаңтар айынан бастап іске қосылған Еуразия экономика одағына Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь және Ресей кіреді. Молдова бақылаушы — мемлекет құқықтық мәртебесімен қатысады.

AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та
Тегтер: