Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:44, 19 Ақпан 2020

Өзбекстан сарбаздары шекара маңында 13 қырғыз азаматын ұстады

None
None

Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі 19 ақпанда Өзбекстанның Ферғана облысымен шектесетін Чекелик ауылының 13 тұрғыны Өзбекстан аумағына кірген кезде ұсталғанын хабарлады.

"Қазіргі кезде ұсталғандардың аты-жөні анықталып жатыр, өзбек жағымен Қырғызстан азаматтарын қайтару туралы келіссөз жүргізіп жатыр" деп хабарлады Баткен облысының шекара қызметі.

Совет Одағы 1991 жылы құлағалы бері Орталық Азиядағы кейбір мемлекеттер шекара мәселесін шеше алмай келеді. Әсіресе, Тәжікстан, Өзбекстан мен Қырғызстанға ортақ Ферғана аңғары бойындағы аумақтың даулы тұстары көп.

Чекелик даулы аумаққа жатпайды, бірақ мұнда көптеген тұрғындар өтуге болмайтын жерден шекараны кесіп жүре береді.

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстан кейін қаңтар айында Қырғызстан Баткен облысындағы 250-ден астам тұрғынын эвакуациялаған. Өткен жылы желтоқсан айында бұл аудандағы қақтығыс кезінде Қырғызстанның алты азаматы, Тәжікстанның үш азаматы жарақаттанған.

2019 жылы қырғыз-тәжік шекарасында кемінде он жанжал болған. Төрт жағдайда адам өлген. Қыркүйек айында болған қақтығыстан бірнеше адам қаза тапты.

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер: