Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:45, 03 Маусым 2020

Өзбекстан Түркістанда 5 мың орындық мешіт салып жатыр

None
None

Қазақстан оңтүстігіндегі Түркістан қаласында 5 мың орындық ірі мешіт салынып жатыр.

Мемлекеттік ақпарат агенттіктерінің жазуынша, былтыр құрылысы басталған мешітті көрші Өзбекстан Түркістанға сыйлаған.

Ресми БАҚ-тың жазуынша, жоба құрылысын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қолдаған. Мешіт ішіне — 5 мың, оның маңына тағы 3 мың адам сыяды.

Сәулет кешенінде кітапхана, конгресс-холл, ғұрыптық бөлмелер, 180 орындық медресе, асхана, спорт алаңдары, автотұрақ, субұрқақ болады деп айтылады.

AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та
Тегтер: