Өзбекстанда ішкі бағыттар бойынша рейстермен анықтамасы барлар ғана ұша алады
Өзбекстанның UzAirways әуе компаниясы 18 мамырдан бастап ішкі бағыттар бойынша жолаушылар тасымалдай бастайды, оған коронавирус жұқпағаны туралы анықтамасы бар азаматтар ғана жібереді.
Жолаушылар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау орталығында рейс ұшқанға дейін 120 сағат ішінде тестен өтіп үлгеруі керек.
Әуежайға кірген кезде және ұшақ ішінде жолаушылар қорғаныш маска тағып, қолғап киюі қажет, сонымен бірге ұшақ салонында әлеуметтік арақашықтық сақтау керек.
«Узбекистон темир йуллари» компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыған ұқсас талаптар 18 мамырдан бастап қайта қалпына келетін жолаушылар қатынасына да қойылған.
Өзбекстанда коронавирусқа байланысты өзге елдермен жолаушылар қатынасы 16 наурызда, ел ішінде 27 наурызда тоқтаған.
Соңғ мәлімет бойынша, елде 2686 адамнан коронавирус табылған, 2 адам жазылған. 11 адам қайтыс болған.