Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:14, 27 Шілде 2020

Өзбекстанда карантин шаралары 15 тамызға дейін ұзартылды

None
None

Өзбекстанның коронавируспен күрес жөніндегі үкімет комиссиясы карантин шараларын 15 тамызға дейін ұзартты.

Карантин шаралары кезінде салтанатты шара өткізуге тыйым салынған, азаматтардың маска тағып, қоғамдық орындарда топтасып жүрмеуі міндетті. Көпшілік орындарда үштен астам адамның жиналуына тыйым салынған, жасы 65-тен асқандар өте қажетті жағдайда ғана үйлерінен шыға алады.

15 тамызға дейін азық-түлік емес базарлар, ірі сауда орталықтары, саябақтар, бірқатар қызмет көрсету кәсіпорындары жұмыс істемейді, қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты шектелген. Мейрамхана, дәмханалардан тек тамақ сатып алып кетуге ғана рұқсат.

Комиссия өкілдерінің айтуынша, карантин шараларын қайта күшейту нәтиже берген: халық арасында COVID-19 жұқтырғандар азайған және жазылғандар саны көбейген.

"Азаматтардың шектеу шараларын атап айтқанда, өзін оқшаулау, қоғамдық орындарда әлеуметтік оқшаулану, медициналық маска тағу, антисептик және жеке қорғаныш заттарын қолдану, сабынмен қол жуу сияқты ережелерді қатаң сақтауы коронавирустың тарауын тоқтатудағы негізгі фактор" делінген хабарламада.

Өзбекстанда ресми мәлімет бойынша, коронавирус жұқтырғандар 20 531 адамға жеткен. 10 831 адам жазылған. 116 адам қайтыс болған.

LIVE Коронавирус Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер: