Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:08, 16 Сәуір 2020

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар 1300-ден асты

None
None

15 сәуір түнгі сағат 22:30-дағы мәлімет бойынша, Өзбекстанда 1302 адамнан коронавирус табылған.

Денсаулық сақтау министрлігі бір адамның жағдайы өте ауыр деп хабарлады.

Сәрсенбі, 15 сәуірде Өзбекстанда бір күннің ішінде 137 адамға вирус жұққаны анықталған. Эпидемия басталғалы бері 4 адам қайтыс болған, 107 адам жазылған.

Өзбекстан вирус жұқтырғандар саны бойынша Орталық Азияда Қазақстаннан кейін тұр. Қазақстанда 1331 адамнан коронавирус табылған. Қырғызстанда 466 адамға вирус жұққан.

Тәжікстан мен Түркіменстанда ресми түрде коронавирус табылған жоқ.

Оқи отырыңыз: Тәжікстан билігі "коронавирус жоқ" дейді, сыншылар күмән келтіреді

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер: