Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:19, 22 Мамыр 2020

Пәкістанда 100-ден астам адам мінген жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

None
None

Пәкістанда Карачи әуежайының маңында "Пәкістан халықаралық әуе желісінің" жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.

Reuters-тің жазуынша, ұшақ бортында 107 адам: 99 жолаушы және 8 экипаж мүшесі болған.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Airbus A320 ұшағы Карачи қаласынан Лахорға бағыт алған. Жерге қонуға шамамен бір минут қалған кезде құлаған.

Geo.tv хабарлауынша, ұшақ құлаған ауданда бірнеше тұрғын үй бүлінген. Оқиға орнына пәкістандық әскерилер мен арнайы қызмет өкілдері кеткен.

Тегтер: