Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:00, 31 Қазан 2019

Пәкістанда пойыз өртеніп, кемінде 65 адам қаза болды

None
None

31 қазанда Пәкістанның орталық аумағында пойыз өртеніп, кемінде 65 адам қаза тапты деп хабарлады жергілікті билік.

"Қолда бар ақпарат бойынша, 65-тен астам адам өлді, 40-тан астам адам жараланды" деді Панжаб провинциясының денсаулық министрі Йасмин Рашид. Ол жаралылардың жақын ауруханаға жеткізілгенін айтты.

Билік өкілдерінің хабарлауынша, жолаушылардың бірі қауіпсіздік ережесін бұзып, пойыз ішіне газ пешін апарып, тамақ әзірлеуге тырысқан, өрт содан тұтанған. Панжаб провинциясының оңтүстігіндегі Рахим Яр Хан қаласына жақындаған кезде пойыз жарылған. Қорғаныс министрлігі құтқарушыларға көмектесу үшін апат орнына әскерилер мен дәрігерлер жіберілгенін хабарлады.

Қаржы тапшылығы салдарынан Пәкістанның теміржол жүйесі әбден тозған. Шілде айында пойыз апатынан — 11 адам, қыркүйек айында — төрт адам қаза тапты.

Тегтер: