Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:14

Пәкістан АҚШ пен Иран арасында бейбіт келіссөздер өткізуге дайындалып жатқанын мәлімдеді

АҚШ пен Иран
Фото: ашық дереккөз

Пәкістанның Сыртқы істер министрі Мухаммад Исхак Дар елдің жақын арада АҚШ пен Иран арасында бейбіт келіссөздер өткізуге дайындалып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Reuters жазды.

 Алайда әзірге АҚШ пен Иран бұл келіссөздерге қатысуға келісім берген-бермегені белгісіз.

Бұған дейін Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф 28 наурыз күні таңертең келіссөздерге дайындық аясында Иран президенті Масуд Пезешкиан-мен бір сағаттан астам уақытқа созылған «мазмұнды телефон әңгімесі» болғанын айтқан.

Сондай-ақ бұған дейін Исламабадта Сауд Арабиясы, Түркия және Мысыр сыртқы істер министрліктерінің дипломаттары кездесіп, Таяу Шығыстағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жоспарын талқылаған.

Германияның сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль 27 наурызда АҚШ пен Иран арасында Пәкістанда «жақын арада» тікелей кездесу өтеді деп күтетінін айтты, алайда дереккөзін нақтыламады.

АҚШ президенті Дональд Трамп 29 наурызда Тегеран АҚШ ұсынған бейбіт реттеу бойынша 15 тармақтың басым бөлігімен келісім бергенін мәлімдеді.

Бұған дейін The Washington Post жоғары лауазымды дереккөздерге сілтеме жасап, АҚШ ықтимал құрлықтағы әскери операцияға дайындалып жатқанын хабарлаған. Осындай айыптауды Иран парламентінің спикері Мохаммад Багер Галибаф та айтқан.

Тегтер: