Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:31

Пәкістан шекара бекетінде атыс болып, 37 ауған сарбазы қаза тапты

Пәкістан армиясы
Фото: oxu.az

Пәкістан қарулы күштері шекара бекетін басып алуға әрекеттенген 37 ауған сарбазын жойғанын мәлімдеді.

Бұл туралы елдің ақпарат және телерадио министрі Аттаулла Тарар хабарлады.

Оқиға 2 сәуірден 3 сәуірге қараған түніХайбер-Пахтунхва өңіріндегі Ғулам-Хан ауданында болған.

Министрдің айтуынша, 80-нен астам ауған сарбазы жараланған. Пәкістан тарапы өз шығындары туралы мәлімет бермеген.

Қақтығыстар күшейген

Тарардың мәліметінше, ақпан айының соңынан бері болған қақтығыстарда:

  • Ауғанстан кемінде 796 әскери қызметкерінен айырылған;

  • мыңнан астам сарбазы жарақат алған.

Сонымен қатар Пәкістан:

  • көрші ел аумағындағы 81 нысанға соққы жасаған;

  • 286 блокпостты жойған;

  • тағы 44 бекетті өз бақылауына алған.

Шекарадағы шиеленіс

26 ақпанда Пәкістан мен Ауғанстан шекарасындағы жағдай қайта ушыға түсті.

Кабул тарапы Пәкістанның әуе соққыларына жауап ретінде әскери операция бастағанын мәлімдеген.