Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:55

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовқа Астанадан пәтер сыйға берілді

Ербол Хамитов
Фото: ҰОК

Паралимпиада чемпионы, сондай-ақ қола жүлдегер Ербол Хамитовты жанкүйерлері Астана әуежайында салтанатты түрде қарсы алды.

Спортшыға демеушілер атынан екі бөлмелі пәтердің сертификаты табысталды.

Сонымен қатар мемлекет тарапынан алтын медаль үшін 250 мың доллар, ал қола жүлде үшін 75 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған.

Ербол Хамитов XIV Қысқы Паралимпиада ойындарында биатлоннан алтын медаль жеңіп алып, шаңғы жарысынан қола жүлдеге ие болған.