Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:55

Павлодар белсендісі пикет өткізетінін жариялағаны үшін 10 тәулікке қамалды

1
Фото: ЖИ / Жас Алаш

Павлодар облысы Көктөбе ауылының 59 жастағы тұрғыны Ақылбек Темірғалинов әлеуметтік мәселе бойынша жалғыз адам пикетін өткізетінін жариялағаннан бір күннен кейін 10 тәулікке қамалды.

2 сәуір күні полиция қызметкері жергілікті тұрғын Ақылбек Темірғалиновтың үйіне келіп, бір күн бұрын түскен анонимді қоңырауға байланысты оны есірткі қолданды деген күдікпен тексерген.

Сол күні азамат медициналық куәландырудан өткізілген. Полиция мәліметінше, сараптама нәтижесінде каннабиноидтар анықталған. Осы негізде оған ӘҚБтК-нің 440-1-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Алайда қорғау тарапы медициналық қорытындыда:

«Каннабиноидтарды қолдану фактісі немесе масаңдық белгілері анықталған жоқ» деп көрсетілгенін алға тартқан.

Сот шешімі

Келесі күні Ақсу қаласында өткен сотта судья Руфат Ерғалиев азаматты кінәлі деп танып, 10 тәулікке қамау туралы шешім шығарды.

"Азаттық Радиосының" жазуынша, Темірғалинов айыпты жоққа шығарып, мұны пикет туралы жазбасымен байланыстырған. Ол Семей полигонынан зардап шеккендердің қоғамдық көлікте тегін жүру құқығын көтеріп жүргенін, жеңілдік тек зейнеткерлерге ғана берілгенін сынап, сотқа жүгінетінін және пикетке шығатынын жазғаннан кейін үйіне полиция келгенін айтқан.