Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:27

Павлодар облысындағы қорғаныс департаментінің экс-басшысына қатысты тергеу басталды

Бекзат Оразов
Фото: Павлодар облысының Аймақтық коммуникациялар қызметі

Павлодар облысы қорғаныс істері департаментінің бұрынғы басшысы Бекзат Оразовқа қатысты қылмыстық тергеу басталды.

 

 Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

Бұл ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігі растады. Тергеуді өңірлік Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің (ДКНБ) қызметкерлері жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері атқарылуда.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше:

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша қызметтік тексеру жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша подполковник Оразов Б.Г. атқарып отырған лауазымынан босатылды. Қылмыстық-процестік заңнама талаптарына және тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді».

Іс бойынша нақты айыптың мән-жайы әзірге ашық айтылған жоқ. Тергеу жалғасуда.