Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:17, 27 Наурыз 2020

Павлодар облысында бір адамнан коронавирус табылды

None
None

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 27 наурыз түскі сағат 14.20-да Павлодар облысында бір адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.

Елде қазір 125 адамға вирус жұққаны анықталды: Алматыда — 48 адам, Нұр-Сұлтанда — 61 адам, Қарағандыда — төрт адам, Жамбыл облысында — үш адам, Шымкентте — екі адам, Алматы облысында — бір адам, Ақтөбе облысында — бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында — бір адам, Атырау облысында — үш адам, Павлодар облысында бір адам.

26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда 64 жастағы бір әйел адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. 25 наурызда Алматыда бір, Нұр-Сұлтанда бір науқас дертінен айыққан еді.

LIVE Коронавирус Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер: