11:38, 04 Қаңтар 2024
Павлодарда кеніш маңында төрт жолаушысы бар автобус шұңқырға құлап кетті
Павлодар облысындағы Майқайың кеніші маңында төрт жолаушысы бар автобус шұңқырға құлап кетті. Алдын ала болжам бойынша опырылған жердің ұзындығы 150-200 м, ені 500 м, тереңдігі 150 м, деп хабарлады Zhasalash.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Автобустың ішінде ТЖК ПВАСС Павлодар филиалының үш құтқарушысы мен жүргізуші болған. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды.
Жедел штаб ұйымдастырылды, құтқару жұмыстары жүргізілуде, оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайн Байханов, Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен жергілікті атқарушы органдар жүр.
44 адам, 13 техника және бір дрон жұмылдырылған.