10:20, 04 Қазан 2024
«Пайызсыз баспана» қаржылық пирамидасын ұйымдастырушылар 6 жылға сотталды
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен қаржылық пирамида құру және оған басшылық етумен «Пайызсыз Баспана» тұрғын үй ұйымының басшысы мен қызметкерлері 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Сот талқылауы барысында сотталушылар Шымкент, Алматы, Астана қалаларында 2019-2021 жылдары аралығында «Инстаграм» әлеуметтік желісі арқылы ақша салымшыларды тартып, төмен бағамен баспана ұсынуға уәде берген.
Қылмыстық схемаға сәйкес бұдан әрі салымшылардың қаражатына өздерінің қажеттілігі үшін жылжымалы және жылжымайтын мүліктер алғандары анықталды, 134 жәбірленушіге 171 млн теңгеден астам көлемде залал келтірілген.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.