Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:10, 19 Ақпан 2025

Перизат Қайраттың анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Перизат
Фото: Ulysmedia коллажы

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.

Желтоқсанның 20-сы күні әлеуметтік желілерде Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваның ақша жымқыру ісі бойынша күдікті ретінде танылғаны туралы ақпарат пайда болды. Мәжіліс алаңында журналистер АФМ басшысының орынбасарынан Перизат Қайраттың анасының ақша жымқыру ісіне қатысы бар-жоғын сұрады.

Елемесовтың айтуынша, Ғайни Алашбаева алаяқтық пен ақшаны жылыстатуға қатысы бар деген күдікке ілінген.

"Негізі, Перизат Қайраттың анасы Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Біз оған қатысты әзірге ешқандай біліктілік көрсеткен жоқпыз және қазіргі уақытта оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдаған жоқпыз", - деді Елемесов.