Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:41

Перизат Қайраттың элиталы пәтерлері мен басқа да мүлкі аукционға қойылады

Перизат Қайрат
Фото: Жас Алаш коллаж

Перизат Қайраттың элиталы пәтерлері мен басқа да мүлкі аукционға қойылады. 

Саудадан түскен қаржы жәбірленушілердің шығынын өтеуге жұмсалмақ. Еске салсақ, сот отырысында 47 адам зардап шегуші деп танылған еді.

Алайда сот процесі барысында Перизат Қайрат атаған өзге тұлғаларға қатысты тергеу жүргізілмейді. Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің айтуынша, қор қаражатын жымқырған басқа адамдар анықталмаған.

«Сот үкімі бойынша, оның мүлкі аукцион арқылы сатылып, түскен қаражат жәбірленушілерге беріледі», - деді ол сенат кулуарында.

Айта кетейік, тамызда Перизат Қайратқа қатысты сот үкімі шықты. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның ісіндегі тағы бір фигурант — Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталды.

Тергеу мәліметінше, ол 2024 жылғы 14 қарашада су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 1,5 млрд теңгені жымқырған. Сонымен қатар Палестинаға жиналған қаражаттан тағы 200 млн теңге қолды қылған. Кейін Қазақстандағы су тасқыны кезінде халық пен мүгедек балаларға көмек көрсету мақсатында жиналған қаржыны да иемденген. Жалпы шығын көлемі 3,5 млрд теңгеге жуықтаған.