Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:25, 19 Қараша 2021

«Пеш жағудан шаршадық»: Қарағанды облысының тұрғындары үйлерді газбен жылытуға дайындалуда

None
None

Қарағанды облысында газбен жабдықтауды іске қосуға дайындық жүріп жатыр. Жақын арада Қарағанды, Теміртау және Жезқазғаннан 2 742 тұтынушы өз үйлерін табиғи газбен жылыта алады.

Көгілдір отынды жеткізумен және оны берумен «ҚазТрансГазАймақ» компаниясы айналысады. Бүгінгі таңда ол 2 742 әлеуетті тұтынушының үйлеріне дейін коммуникацияларды тартып үлгерді. Сондай-ақ, клиенттерге ыңғайлы болу үшін компания халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашты.

– Барлық сұрақтар бойынша қарағандылықтар біздің халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіне алады. Ол облыс орталығында Ермеков көшесі, 104/1 мекенжайында орналасқан. Жезқазған қаласындағы филиал Сәтпаев көшесі, 10/1, Теміртау қаласындағы Менделеев көшесі, 11- үй мекенжайында орналасқан, – деп хабарлады «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қарағанды өндірістік филиалының басшысы Талғат Кызылбаев. – Біздің орталықтар бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейді, электрондық кезек, кеңесшілер бар. Тұрғындар газға қосылуға өтініш бере алады, кеңес ала алады, сондай-ақ құжаттар мен қосылуға техникалық шарттар ала алады.

Қарағандыдағы Халыққа қызмет көрсету орталығының алғашқы клиенттерінің бірі Хадиша Ахметова болды. Зейнеткер жер үйде тұрады. Ол пешпен жылытудан шаршағанын мойындайды.

– Пештен бәрі шаршады. Қазір көмір де арзан емес. Қыста маған шамамен 5 тонна кетеді. Мен жалғыз тұрамын, оны кіргізіп, жағу, күлді шығару қиын, сондықтан мен газға қуандым. Техникалық шарт алуға келдім, – деді Хадиша Ахметова.

Бірінші кезеңде табиғи газға Қарағандының Михайловка секторының, Теміртау әлеуметтік қалашығының және Жезқазғандағы Пристанционный және Талап кенттерінің тұрғындары қосылатын болады. Бұл ретте «ҚазТрансГазАймақ» компаниясы жабдықтарды толық монтаждауды және газбен жабдықтау жүйесін іске қосуды орындауға дайын.

– Қарағанды облысының тұрғындары үшін бір текше метр газдың құны ҚҚС-мен 40,94 теңгені құрайды. Біз тұрғындардың үйлеріне дейін құбыр салдық, оларға техникалық шарттарды алып, қосылу ғана қалды. Барлық аймақтарда құбырлар үйлерге тікелей жеткізілмейді. Қарағандылықтардың жолы болды деуге болады, – деп толықтырды Талғат Қызылбаев. – Сонымен қатар, іске қосу-жөндеу жұмыстары кезінде тұтынушыларға есептеу құралдары тегін орнатылады. Тиімді газбен жабдықтау үшін үйлердің жағдайы да маңызды. Тұрғындар жылу жоғалтпауы үшін газ құбырларын, үйді жылылауы керек.

Газбен жабдықтауға өңірдің аз қамтылған тұрғындары да қосыла алады, деп есептейді Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ұлантай Усенов. Екінші деңгейдегі екі банк оларға ақшалай қаражатты бөліп төлеуге беруге дайын.

– Бүгінгі таңда Jusan Bank және Еуразиялық банк өз ниеттерін білдірді. Олар тұрғындарға газдандыру үшін бөліп төлеуге қаражат беруге дайын, – деп атап өтті Ұлантай Усенов. – Әрбір тұтынушымен жеке жұмыс жасайтын боламыз.

«ҚазТрансГазАймақ» компаниясы тұтынушыларды газбен жабдықтауға қосып қана қоймай, қызмет көрсетуге, сондай-ақ авариялық жағдайларды жоюға дайын. Ол үшін оның филиалында авариялық-диспетчерлік қызмет жұмыс істейді. Қоңыраулар әзірге (8-7212) 25-26-49 нөмірі бойынша қабылданады. Болашақта компания диспетчерлердің жұмысын 104 нөмірімен және Senim 109 және 112 қызметтерімен ынтымақтастыруға ниетті.

Тегтер: