Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:26, 11 Қыркүйек 2023

Пешті жылыту маусымына қалай дайындау керек – құтқарушылар кеңесі

None
None

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары жұртшылыққа пешті жылыту маусымына қалай дайындау керегін түсіндіріп, үй-үйді аралап жүр.

Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жылыту маусымына дайындық жұмыстарын шілде айынан бастап кеткен. Жұмыстың негізгі бағыты – жер үйде тұратын әлеуметтік тұрғыда осал топтағы халық арасында профилактикалық шаралар жүргізу, өрт шығу қаупін азайту. Облыс аумағында осы санаттағы отбасылардың 3574-і пеш жағады.

«Қазіргі уақытта құтқарушылар жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, бұл үйлердің 91 пайызын аралап шықты. 3574 адамның 2873-і үйіне кіргізіп, тексеру жасатты. Бұл жалпы санның 80 пайызы», — дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.

Әлеуметтік тұрғыда осал топтағы 2873 отбасының үйінен өрт қауіпсіздігі талаптары бұзылған 535 үй анықталды. Жыл басынан бері өңір бойынша көміртегі тотығымен 22 адам уланған.

Осы ретте, департамент қызметкерлері халыққа пешті жылыту маусымына қалай дайындау керектігін түсіндірді.

«Пеш пен мұржа сыланған, ақталған болуы қажет. Құбырлар, мұржалар және жылыту пешінің басқа да бөліктері күйеден үш айда бір рет тазалануы тиіс. Ал үздіксіз жұмыс істейтін пештер болса, екі айда бір рет тазартасыз. Пеш жаққан кезде рұқсат етілмейді:

— жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға және оны қадағалауды балаларға тапсыруға;

— пешті жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;

— пеш пен түтін мұржаларының бетінен 0,5 метрден аз қашықтықта жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім) кептіруге;

Пешті үнемі тексеріп, саңылауы болса бітеп тастаған абзал.

Тегтер: