Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:17, 06 Қараша 2018

Полиция аға лейтенанты - әлем чемпионы

Астана қаласында отыздан аса ел спортшылары бас қосқан әлем чемпионатында атыраулық полицей жеңістің ең биік тұғырынан көрінді.
Соңғы 18 жылда спорттың каратэ-киокушинкай түрімен үздіксіз шұғылданып жүрген Бауыржан Күмісқалиев әлем чемпионы атанды.Отыз жастағы полиция аға лейтенанты ішкі істер органдарында үш жылдан бері қызмет атқарады екен, қазіргі күні ол – Атырау облыстық ІІД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы. Бауыржан бұрын да әлемдік деңгейдегі додаларда топ жарған. 2013 жылы Жапония астанасы Токиода мықтылармен бақ сынасып, жүлделі орын иеленсе, бұл жолы екінші мәрте әлем спортшыларына өзін мойындатты. Оның айтуынша, қызу тартыс ақтық айналымда — Ресей Федерациясынан келген спортшымен болған. Әлем чемпионы атанған Бауыржан — қара белбеу иегері, каратэ-киокушинкайдан бірінші дан иегері.Әлем кубогына Бауыржанмен бірдей салмақтағы тағы бір атыраулық спортшы, Азия чемпионатының өткен жылғы чемпионы Мұрат Сыдықов та қатысқан еді. Ол бірінші айқаста пәкістандықты, одан кейін жапон спортшысын оңай ұтқанмен келесі ұрыста армениялық Григоряннан жеңіліп қалды.Фото автордікі.
Тегтер: