Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:26, 26 Қаңтар 2022

Полиция «ӨКМ Операторы» топ-менеджерінің жұмбақ өліміне қатысты пікір білдірді

None
None

Ер адамның мәйіті табылған соң, Есіл ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу — еск.

) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Елордалық полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде тараған "ӨКМ Операторы" ЖШС топ-менеджерлерінің бірі қайтыс болғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ер адамның мәйіті табылған соң, Есіл ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу — еск.) бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығы мен объективтілігі үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Бұған дейін экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталғаны хабарланған болатын.

Тегтер: