Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:53

Полиция: Нұрқанат Ғайыпбаевты “өзіне қол жұмсауға” ешкім итермелеген жоқ

Нұрқанат
Фото: БАҚ

Дәлелдер, сараптама қорытындылары және өзге де деректер негізінде полиция жасөспірімнің ағасының қаза болуына басқа адамдардың ықпалы болмағанын анықтады.

Бұл оқиға өзін-өзі өлтіруге итермелеу ретінде танылған жоқ. Сондықтан Ғайыпбаевтың өлімі бойынша қылмыстық іс тоқтатылды.

Алматы облысы прокуратурасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың қазасынан кейін қозғалған қылмыстық істің не себепті тоқтатылғанын түсіндірді.

«Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Жиналған дәлелдеме, сараптама қорытындылары және өзге де материалдар негізінде Нұрқанат Ғайыпбаевтың өзін-өзі өлтіру (суицид) салдарынан қайтыс болғаны анықталды. Үшінші тұлғалардың ықпалымен өзін-өзі өлтіруге итермелеу фактілері анықталған жоқ», - деп жауап берді облыс прокуратурасы.

Айта кетейік, Нұрқанат Ғайыпбаевтың мәйіті 2024 жылдың желтоқсанында табылды.

Сонымен қатар адвокат Мейірман Шекеев Шерзат ісі бойынша апелляциялық сот мәжілісі 2025 жылдың 18 тамызында сағат 11:00-де Алматы облыстық сотының ғимаратында өтетінін айтты.