Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
00:26, 09 Сәуір 2019

Портис тұжырымы: Головкин «Канелоны» жеңді

TheFightCity.com сайтының журналисті Роберт ПОРТИС салмағына қарамастан (P4P) әлемнің ең мықты боксшылар бойынша жеке тізімін жасап, Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) бірінші орынға қойды.

Бұл туралы vesti.kzсайты жазды.

Оның ойынша, Головкинніңбасқа рейтингтерде төмендеп кетуіне мексикалық Сауль «Канело»Альвареспен (51-1-2, 35 КО) жекпе-жектерінің қорытындысы, яғни, төрешілердіңәділетсіз шешімі әсер еткен.

«Канеломен»жекпе-жектерде төрешілер әділ болса, барлық сарапшы сымақтарда бірінші орынғаГоловкиннен өзге таңдауы да болмас еді. Шындығына келейік: біріншіжекпе-жекте Головкин таза жеңді. Тартысты болды ма? Әлбетте. Шешім бұрмаландыма? Жоқ, ол тіптен кері еді. Екінші жекпе-жекте теңдей болды ма? Иә. Бірақ бұлжекпе-жекте жеңісті Головкинге беруге үлкен себеп болды. Өзінен жас, жылдам,мықты қарсыласпен шешуші раундта ерлігін оятып, жеңісті алып шықты. Көрермендертөрешілер шешіміне қалай наразы болғанын айтпай-ақ қояйық. Алайда төрешілероның даңқын өзіне бермеді, енді оны P4P рейтингінің бестігіне кіргізгісікелетіндер аз. Ал бұл Головкинге деген әділетсіздікті айқындата түседі.Рекордына, жетістіктеріне және орта салмақта қалай өнер көрсеткеніне қарап,Головкин P4P рейтингінің үздігі деп тануға лайықты және бұл жерде ешқандайсұрақ туындамау керек", — дейдіПортис.

Портис тұжырымы бойынша P4P рейтингі мынадай болуға тиіс:

1. Геннадий Головкин

2. Василий Ломаченко

3. Александр Усик

4. Срисакет Сор Рунгвисаи

5. Теренс Кроуфорд

6. Наоя Иноуэ

7. Эррол Спенс

8. Тайсон Фьюри

9. Мэнни Пакьяо

10. Джош Уоррингтон

11. Сергей Ковалев

12. Хуан Франсиско Эстрада.

Фото: 24.kz

Тегтер: