Премьер-министр Ресейдің 70 дипломатын елден қууға пәрмен берді
Болгарияның премьер-министрі Кирилл Петков тыңшылық қызметпен айналысқан Ресей елшілігіндегі 70 қызметкерін елден шығаратындарын мәлім етті
Болгарияның премьер-министрі елден шығарылатын Ресей азаматтарының дипломатиялық төлқұжаттары болғанымен олар күмәнді істермен айналысқанын арнайы қызметі анықтағанын алға тартты.
– Біздің бұл әрекетімізді орыс халқына жасалған агрессия деп қабылдамау керек. Ресейге қайтатын азаматтардың көпшілігі дипломатиялық қызметті бүркемелеп, шпиондық іспен айналысқан. Сондықтан біздер оларды ел аумағынан шығаруға мәжбүрміз, – деді Кирилл Петков.
Кирилл Петковтың айтуынша, алдағы жексенбі күні орыстың 70 шпионын елден аластамақ.
Жалпы, Болгарияның орыс дипломаттарын елден қуу бірінші рет емес. Болгарлар бұған дейін орыс дипломаттарын елден қуған болатын.