Президент Мария Хаджиеваны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатты
Мемлекет басшысының өкімімен Мария Хаджиева Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
Мария Хаджиева 1971 жылғы 22 наурызда дүниеге келген. Еңбек жолын 1995 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама бас басқармасында конституциялық және әлеуметтік-мәдени заңнама бөлімінің жетекші кеңесшісі ретінде бастаған.
Ол 2000 жылдан бастап бағалы қағаздар нарығындағы қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің заң департаментінде бағалы қағаздар нарығын және жинақтаушы зейнетақы қорларын реттеудің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы лауазымынан бастады.
2006 жылдың қарашасынан 2008 жылдың мамырына дейін Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде бағалы қағаздар нарығы мен жинақтаушы зейнетақы қорлары субъектілерін қадағалау департаменті директорының орынбасары болды. 2008-2011 жылдары аталған департаменттің директоры қызметін атқарды.
2011-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті төрағасының орынбасары қызметінде еңбек етті. 2014 жылдан Ұлттық банкте бағалы қағаздар нарығы субъектілерін қадағалау департаментінің директоры болып, 2016 жылы бағалы қағаздар нарығы департаментін басқарды.
2017 жылы Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалып, бір жылдан кейін осы ұйымды басқарды.
Әр жылдары «Казкоммерц Секьюритиз», Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі, Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры және Қазақстан қор биржасының директорлар кеңесінің құрамына кірді.
2019 жылғы мамырда Мария Хаджиева Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ал 2019 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне келген болатын.