Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:50, 24 Шілде 2020

Президент Шорнақ ауылы мен Сәтпаев қаласындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді

Президент Түркістан жәнеҚарағанды облыстарындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді.

 Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысыБерік Уәли мәлімет таратты. «Мемлекет басшысы Шорнақ ауылы менСәтбаев қаласындағы оқиғаларға байланысты Президент Әкімшілігінің басшылығымен,Түркістан және Қарағанды облыстарының әкімдерімен, құқық қорғау органдарыныңбасшылығымен кеңес өткізді. Дер кезінде қабылданған шешімдердің арқасындаШорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы жағдай тұрақталды. Тәртіпсіздіктіңқайталануына ешқандай себеп жоқ» деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, Президент жағдайды бақылауда ұстап,жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, ел ішіндегітұрақтылықты бұзуға талпынған арандатушылардың алдын алуды, құқық бұзушылардызаң аясында жауапкершілікке тартуды тапсырған.

 «Сонымен қатарол аталған аймақтардағы халықтың ең басты әлеуметтік-экономикалыққажеттіліктеріне назар аудару керек екенін айтты. Ал құқық қорғау органдарынакәмелет жасына толмаған қызды зорламақ болды деген күдікпен ұсталған Сәтбаевқаласының тұрғынына қатысты тергеу жұмыстарын жан-жақты жүргізіп, оныңқорытындысы туралы жұртшылыққа нақты ақпарат беру туралы тапсырма берді» депатап өтті Президенттің баспасөз хатшысы.

Еске сала кетейік, бүгін ҚР Ішкі істер министрі ЕрланТұрғымбаев Шорнақтағы жағдай тұрақталып, 4 адам қамауға алынғанын жария еткенеді. Ал Сәтпаев қаласында 5 жасар қызды ұрлаған күдікті қамауға алынды. Алайдабірнеше адам күдіктіні өз қолына беруді талап етіп, жанжал шығарған болатын.

Тегтер: