Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:47, 19 Наурыз 2021

ПТР анықтамасыз ұшып келгендерді елге кіргізбеу керек

None
None

  ПТР-тест анықтамасы жоқ отандастарымызды елге кіргізбеу керек. Туроператорлар қауымдастығы осындай бастама көтерді.

Олар Египетке, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Мальдив аралдарына, Түркия мен Шри-Ланкаға демалуға кеткен туристерден елге қайтарда ПТР-тест анықтамасын талап ету керек деп отыр. Ал әлгіндей анықтамасы болмаса, ұшаққа отырғызбау керек дейді. Әзірге құзырлы орын өкілдері бұл мәселеге қатысты пікір білдірмеді. Туроператорлардың айтуынша, соңғы уақытта елге ПТР-тест анықтамасы жоқ туристер жиі келетін болған. Олар мұндай сынаманы Қазақстанда жасата салғанды жөн көреді. Өйткені, біздің елде ондай тестті отандастарымыз тегін тапсыра алады.

Қазақстан туроператорлары қауымдастығының  мамандары «Олар шығын шығармау үшін тестті елге келген соң тапсырып жатыр. Бұл дұрыс емес. Егер арасында індет жұқтырғандар болса, үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан шетелден қайтарда ПТР-тест анықтамасы жоқ туристерді ұшаққа мүлдем отырғызбау керек» деп отыр. 

Тегтер: