Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:08, 19 Маусым 2020

Путин Назарбаевқа жеделхат жолдады

Ресей президенті Владимир Путин ЕлбасыНұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады.

Владимир Путин жеделхатында коронавирусжұқтырған Елбасын қолдап, оған денсаулық тілеген.

«Шын көңілмен, достық ниетпен Сіздіосы қиын сәтте қолдаймын. Ерекше өмірлік энергияңыз, жан сергектігіңіз жәнеоптимизміңіз Сізге вирусты аз уақытта жеңеді деп сенемін. Шын көңілденқұлан-таза айығуыңызды және мықты денсаулық тілеймін», — делінгенжеделхатта.

Еске салайық, бүгін, 18 маусымда НұрсұлтанНазарбаевтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. 18маусымдағы таңғы жағдай бойынша Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны15877-ге жетті, 6831 адам симптомсыз науқастар болса, 105 адам қайтыс болды.

Тегтер: