01:43, 06 Маусым 2018
Путинцева жарап тұр
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шықты.
1/8 финалда ол чех теннисшісі Барбара Стрыцоыаны 6:4, 6:3 есебімен жеңді.Жалпы, «Үлкен дулыға» турнирлерінде Путинцева дәл осы «Ролан Гарроста» сәтті өнер көрсетеді. 2016 жылы да Юлия Франция ашық біріншілігінің ширек финалына шыққан еді. Бірақ оның жолына Серена Уильямс (АҚШ) тосқауыл қойды.Биылғы ширек финалда Путинцева америкалық Медисон Кизбен кездеседі. Киз ширек финалға румын Михаела Бузарнескуді жеңіп шықты.WTA рейтингінде Путинцева қазір 98-орында тұр. Киз болса үздік 15 теннисшінің (13) қатарына кіреді. 2017 жылы Медисон US Open-нің финалына шыққан болатын.