Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
19:11, 26 Қазан 2022

Қ.Тоқаев: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту үшін барлық жағдайды жасаймыз

None
None

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін.

Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасын жариялады.

«Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» формуласын берік ұстанамыз деген Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде әлеуметтік салада, экономика мен саясатта көптеген қордаланған мәселе бар екенін, азаматтардың билікке сенімсіздігі артқанын жасырмады. Оның айтуынша, енді әділеттілік идеясы мемлекеттік саясаттың ең маңызды ұстанымына айналады.

«Әділетті Қазақстанның басты құндылықтары – еліміздің тәуелсіздігі және жеріміздің тұтастығы. Сондай-ақ халқымыздың терең тарихы мен салт-дәстүрі, жұртымыздың мызғымас бірлігі, отаншылдығы, еңбекқорлығы және отбасы құндылықтары. Біз мемлекеттік тілді одан әрі дамытып, оның қолдану аясын кеңейту үшін барлық жағдайды жасаймыз. Тілге байланысты ешқандай қысымға жол бермейміз», – деді Қасым-ЖомартТоқаев.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Республикалық қоғамдық штабқа барды. Жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде ол ұсынып отырған жоспарын алыс болашақта емес, жақын арада жүзеге асыруға уәде берді.

Дайындаған: Республикалық қоғамдық штаб Астана қаласы, Қонаев 12/1 Тапсырыс беруші: М.Ж.  ОспановҚазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер  Қ.К.Тоқаевтың сайлау қорынан төленді.

Тегтер: