Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:38, 17 Шілде 2020

Қайтыс болған әрбір дәрігер батыр деген атқа лайық

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жәнеқалалық мәслихаттың хатшысы Ғани Ташқараев өз міндетін абыроймен атқарубарысында қайтыс болған шымкенттік дәрігерлердің шаңырағына барып, мемлекеттікнаградаларды табыс етті.

Қалаәкімі алдымен «№1 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК терапия бөлімінің меңгерушісіқызметін атқарған Ағзипа Тажденованың үйіне барып, отбасына көңіл айтты. АғзипаНасырқызы медицина саласына қырық жыл ғұмырын арнаған, 20 мыңдай науқастыемдеген, білікті дәрігер еді. Мұрат Дүйсенбекұлы I дәрежелі «Барыс»орденін дәрігердің жолдасына табыс етті.

Сондай-ақ,қала басшысы 49 жасында көз жұмған Гаухар Бәйменованың отбасына да арнайы көңілайтты. №1 қалалық клиникалық аурухана МКК-ның аға медбикесі Гаухар Аштайқызы"Құрмет" орденімен наградталды.

— Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар медицина қызметкерлеріне мемлекеттікнаграда беру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл ретте, дүниеденөткен дәрігерлеріміздің еңбегі өлшеусіз. Олар өз кәсіптеріне адалдық танытты.Біз олардың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Әрбірі батыр деген атқа лайық. Барлықотбасыға әкімдік тарапынан тиісті көмек жасалады, — деді қала әкімі.

Тегтер: