«Қалағаныңды жазу – қалай болса солай жазу емес»

ОлжасЖанайдаров – Алматыда туған, Мәскеуде өскен қазақ баласы. Пьесалары Ресейдің үлкенсахналарында дүркін-дүркін қойылып жүр.
Қазақ театрларында «Жұт» пьесасы қойылып,көрермендер мен сыншылардың оң бағасын алды. Шығармашылық жолын өлең, әңгімежазудан бастаған драматургтің бір романы бар. Жыл сайын Қазақстанға келіп, жасдраматургтерге шеберлік сағаттарын өткізеді. Өзінің шығармашылығы туралы жәнедраматургияға байланысты өзге де ойларын білу мақсатында сұрақ қойған едік.Олжас уақыт тауып жауап берді.
– Драматург ретінде сізге қай тақырыпетене жақын, өте өткір көрінеді?
– Маған тұтас адамзатқа жақын тақырыптың бәрі ыстық. Азаттық, қарапайым адамиқарым-қатынастар, отбасы, билік пен оның қоғамға, адам тағдырына әсері, жасөспірімдердіңөзгерген санасы – бәрі-бәрі жақын, жазғаныңа, жеткізгеніңе байланысты өткір. Алменің шығармашылығымда бір тақырып айқұлақтанып көрінер болса, мен оныбілмеймін. Ол сыншыларға белгілірек. Мен жазу барысында тақырыптың тұтастығын қаттыойламаймын.
Маған айналамда болып жатқан құбылыстың бәрі қызық. Адамретінде де, қоғамның бір бөлігі ретінде де. Менің шығармаларым көбіне реалистікәрі жартылай деректі стильде туып жатады. Бәлкім, өнер сондай еркіндігімен де өнершығар. Суреткер не жазғысы келеді, қалай жазғысы келеді – өзі біледі. Әрине, олшығармасы эстетикалық талғам дәрежесінде болғаны жақсы. Еркін жазу, қалағаныңдыжазу деген – қалай болса солай жазу емес.
– Драматургияның сіздің өміріңізде орны қандай? Оныңжолында неге болса да дайынсыз ба?
– Драматургия – мен өмірімде айналысқым келетін дүние, маған қызық болғандықтан,өмір бойы пьеса жазғым келеді. Бұл менің махаббатым, мақсатым. Тіпті ақшатаппасам да, осы драматургиямнан ажырағым келмейді. Пьесаларымды алдымен өзім үшінжазамын. Ал оның қойылуы, бағалануы одан кейін болатын жағдайлар.
– Сіздің пьесаларыңыз Ресейде көбірек қойылады. Шетелдердеде қойылып жатқанын естиміз. Ал Қазақстандағы оқырмандарыңыз бен режиссерлерсіздің шығармаларыңызды қалай қабылдайды?
– Қазақстандағыжас режиссерлерге пьесаларым ұнайды. Бірақ менің мәтіндерім қоғамға, билікке өтеөткір жүзімен келеді де, театрлар көбіне ондайды сахналауға дайын болмай шығады.Пьесаларымда зорлық-зомбылық көріністері, әртүрлі кейіпкерлер және ұлтаралық қарым-қатынасмәселелері де көтеріледі. Бұның бәрі қазақ мемлекеттік театрларын шошытады. Алтәуелсіз театрлар, өкінішке қарай, Қазақстанда жоқ. Әзірге «Жұт» деген пьесам ғана белгілі. БірақОтанымда басқа да кейіпкерлері қазақ «Беруши»,«Хан», «Дүкен» сияқты пьесаларым көбірек қойылса деп ойлаймын, қазақтеатрларында шығармамның қойылғанын асыға күтемін.
– Қазір Ресейде тұрып жатырсыз, ол жақта қозғауға болмайтынтақырып бар ма?
– Заманауидраматург қазір не жазамын десе де, жаза алады. Тек ішкі цензура ғана кедергіболуы мүмкін. Саясатты да, қоғамды да, азғындықты да жазасыз. Бірақ оларыңызсахнаға шықпайды. Әңгіме сол ғой.
– Пьесаларыңыз оқырмандарға жетіп жатыр ма?
– olzhas.ruдеген жеке сайтым бар. Ол жерде меніңбарлық дүнием бар. Кез келген адам кіріп, іздегенін таба алады. Сонымен қатар «Современная драматургия» журналына да жиі шығып тұрамын.Журнал жылына төрт рет жарық көреді. Ал пьесаларым оқырмандарға басқа қандайжолмен жетуі керек? Оның екі-ақ жолы бар. Оқырман оқиды я көреді. Қазір меніңшығармаларым басылымдарда жарияланып та, сахналарда қойылып та жатқандықтан,осы екі жолмен де оқырмандарға жетіп жатыр деп ойлаймын. Ал ондағы ойларым,айтпағым жетіп жатыр ма, жоқ па – ол басқа әңгіме. Ол көбіне көрермен мен оқырманныңөзіне байланысты.
– Сіз қазақсыз ба, әлде «орыссыз» ба?
– Меніәртүрлі шараларда таныстырғанда қазақстандық деп те, ресейлік деп те айтыпжатады. Менің қаным қазақ, ата-бабам – қазақ. Бірақ тәрбием орысша. Сондықтан өзімдіәрі қазақ, әрі орыс деп те сезінемін. Осы халімді суреттейтін бір метафора датаптым. Өздеріңіз білетіндей, орыс тілінде дауысты дыбысты екпінге байланысты өзгертіпайтады. Менің атым орысша Алжас та, Ресейде көбіне солай шақырады. Бірақ Қазақстанғакелгенде мен өз есімімнің қалай дұрыс айтылу керектігін білемін. Мені ОтанымдаОлжас дейді. Осы кезде мен өзімді екі әлемнің адамы сезінемін. Бұл менің тағдырым,бәлкім.
– Басқа жанрларға қызығасыз ба? Ол туралы, жалпы, ойланып көрдіңізбе?
– Менәртүрлі жанрда жұмыс істеп көрдім. Алғашқы шығармашылық жолым әңгіме, повестьжазудан басталған. Бір романым бар. Содан кейін ғана драматургияға бет бұрдым.Оқушы кезімде өлең де жазғанмын. Журналист ретінде мақала, сұхбат, очерк жазыпта байқадым. Газетте өзім жүргізіп отыратын бағаным да болды. Сондықтан іс жүзіндеәдебиеттің бар жанрына бас сұғып көрдім десем болады. Бірақ драматургиядай мағанесігін айқара ашқан ешқайсысы болған жоқ.
– Д.Быков: «Көргенге қарағанда оқығанға қызық пьесаларболады» депті. Сізде пьесаларыңыз сахналанғанда, «осы қойылмай-ақ, қағазбетінде тұра бергені жақсы еді» дейтін сезім болды ма?
– Бұлжерде ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпын. Менің пьесаларымды қағаз бетінен оқиаласыз, ол әрқашан сол қалпында, сол жерде тұрады. Рас, сүреңсіз қойылымдарболады. Бірақ ол үшін уайымдап керегі не? Драматургияның артықшылығы – пьесаныбірнеше рет сахналауға болады. Ол жанды құбылыс сияқты. Әр қойған сайын қозғалып,өзгеріп тұрады. Егер бір пьесаны бүгін өте сәтсіз қойса, оқасы жоқ. Келесірежиссер оның бағын ашатын шығар. Қайдан білесіз. Чеховтың «Шиелі бағының» тағдырысолай болмап па еді?! Режиссер көп, театр да аз емес. Сондықтан оқығанда қызық,жақсы болған пьеса сахнада да жаман шықпайды.
– Әр жылы Қазақстанға келіп, шеберлік сағаттарын өткізесіз.Бізде үлкен үміт күтуге болатын жас драматургтер бар ма?
– Әрине,бар әрі потенциалдары да жақсы. Тек оларды дұрыс жаққа бағыттап, заманауиформалар мен тақырыптарды, жанрларды үйрету керек. Қазақстанда драматургтерді оқытутақырыбы өте өзекті. Заманауи драматургияға арналған «Драма.KZ» фестивалі өткенекі жылда жақсы драматургтер пайда болды. Олардың арасында қазақша жазатындарыМұрат Қолғанат, Әлішер Айтуар, Мерей Қосын, Хан Асанов. Бұлар болашақта үлкендраматург болатын жігіттер деп ойлаймын.
– Жас драматургтердің кемшілігі неде?
– Егеравторларды айтсақ, ең басты кемшіліктері – жұмсақтық пен бұйығылық. Драматургештеңеден қорықпауы керек. Өткір, маңызды тақырыптарға бара білуі қажет. Бірақ қазақстандықдраматургтер бір қордалы мәселе туралы жазғылары келмейді. Біреудің көңілінетиеміз деп ойлайды. Мүмкін, бұл ұлттық менталитеттің әсері шығар. Біз қазақпыз ғой,үй ішіндегі шуды сыртқа шығармаймыз, көбіне жағдайды ушықтырмау үшін көп дүниеніңтігісін жатқызып айтамыз. Өмірде жұмсақтық, мейірім өте жақсы қасиет. Бірақ шығармашылықта,әдебиетте ауруымызды айта білуіміз керек. «Ауруын жасырған өледі». Қоғамның түйткілдерінжасырып, жаба берсек не болады?!
– Қазақ театрларында сізге не ұнамайды?
– Театр әртүрлі болуы қажет. Қазір әлем театрларында көптеген жаңа формалармен бағыттар бар. Қазақ театрларында да сондай жаңалықтар болғанын қалаймын. Қазақтеатрларындағы көп қойылымдар ескі, пафос көп, ескірген дәстүрлерде жаңару жоқ.Осыдан 20-30 жыл бұрынғы сарын әлі бар. Бірақ бұл мәселе тек Қазақстанда ғанаемес, Ресейде де бар. Өзгеше ойлай алатын, талғамы мен өнері ұштасқан осызаманның режиссерлері бізге ауадай қажет.
– Драматург ретінде ұстанымыңыз қандай?
– Ең бастысы – өтірік айтпау. Жарнама мен өтірік жаулаған әлемде өнер – шындықты,адалдықты бағалайтын кішкентай ғана кеңістік. Ойдан шығарылған пьесаларға кейдежаңалықтардан көбірек сеніп жатамыз. Әр суреткердің көзқарас жеткізудегі тәсіліәртүрлі, бірақ адамгершілік, адалдық тұрғысынан бәріміз бірдей болуымыз керек.
– Кімді сүйіп оқисыз?
– Қазіркөбіне мемуарлық шығармалар мен публицистиканы көп оқып жүрмін. Көркем әдебиеткедеген қызығушылығым баяғыдай емес. Мүмкін, бала күнімде шектен тыс оқып қойғандықтаншығар. Мүмкін, тақырып тауып, оны зерттеу әдісімнің өзгергенінен шығар. Оны нақтыайтудың өзі қиын. Менің жазушылардан сүйіп оқығандарым: Достоевский, Хэмингуэй,Фолкнер, Герман Гессе.
– Драматург ретінде сізге көбірек ұнайтын драматург кім?Оны несі үшін бағалайсыз?
– Менің сүйікті драматургтерімнің бірі – Мартин Макдонах. Оның пьесаларындаюмор көп, оған қарапайым адамдар қызық.
– Соңғы рет не оқыдыңыз?
– Еңсоңғы оқыған кітабым – белгілі орыс драматургі Евгений Гришковтың «Театротчаяния. Отчаянный театр» мемуарлық кітабы. Өзінің өмірін театрмен байланыстырғысыкелетін адамдардың бәріне оқуға кеңес беремін.
СұхбаттасқанБағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ
Фото: informburo.kz